Махмұд Ғазнауи
| Yamīn al-Dawlah Abd al-Qāṣim Maḥmūd Ibn Sebük Tegīn | |
|---|---|
| Sultan of the Ghaznavid Empire | |
| Old French depiction of Ghaznavi reading "Sultan Mahmud the Ghaznavid Afghan Emperor" | |
| Билеген | 997-1030 |
| туған | 971 ж. қарашаның 2 |
| Birthplace | Ghazni, (modern day Afghanistan) |
| Өмірден озды | 30 сәуір 1030 |
| Place of death | Ghazni, (modern day Afghanistan) |
| Buried | Ghazni |
| Ізашары | Ismail of Ghazni |
| Royal House | Ghaznavids |
| Father | Sebüktigin |
| Religious beliefs | Sunni Islam |

Махмұд Ғазнауи, Махмұд ибн Себуктегін, Ймин әд-Даул (970 – 1030) – Ғазнауи әулетінен шыққан билеуші (998 – 1030), қолбасшы. 998 ж. Хорасанның әмірі болған. М. Ғ. бүкіл Шығыс Иранды, Рей мен Исфаханды, Ауғанстан аумақтарын, Солт. Үндістанның батыс бөлігін, Әмудария өз-н Махмұд Ғазнауи Махмұд ибн Себуктегін, Ймин әд-Даул (970 — 30.4.1030, Ғазни) – Ғазнауи әулетінен шыққан билеуші (998 – 1030), талантты қолбасшы. М. ұ. тұсында Ғазнауи сұлтандығы саяси қуаттылығының жоғ. шыңына көтерілді. 998 ж. Бағдат халифасы оған “йемин әд-Даул уа амин әлмилла” (мемлекет пен діни қауымның сенімді тұлғасы) деген атақ беріп, Хорасанның әмірі етіп тағайындады. М. ұ. бүкіл Шығ. Иранды, Рей мен Исфаханды, Ауғанстан аумақтарын, Солт. Үндістанның батыс бөлігін, Әмудария өз-не дейінгі жерлерді бағындырып, қол астындағыларға шариат тәртібін орнатты. Жерді толығымен мемлекет меншігіне айналдырып, қала ақсүйектерінің табысына қатаң бақылау орнатуға тырысты. Ол Солт. Үндістанға ислам дінін тарату мақсатымен 17 рет жорық жасады. Осы жорықтары үшін “Ғазиз” деген атақ алды. М. ұ. өз сарайына мұсылман ғұламаларын топтастырып, олардың ғылыммен айналысуына үлкен мүмкіндік туғызды. Әл-Утби өзінің “Китаб әл-Йамини” деген еңбегінде М.ұ-дің билік құрған кезі туралы жазды.
Дереккөздер
| ]Якубовский А.Ю., Махмуд Газневи, Л., 1934; Шабани Р., Иран тарихы, А., 2002. С. Тортаев
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том
Сілтемелер
| ]- Mahmud of Ghazni, The Great Events by Famous Historians: Indexes, Vol. XX, Ed. John Rudd, Charles F. Horne and Rossiter Johnson, (1905), 141.
- Қазақ Энциклопедиясы
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- 971 жылы туғандар
- Ғазнауи империясы
- Түркі қолбасшылары
- 1030 жылы қайтыс болғандар
- Орталық Азия тарихы
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Махмұд Ғазнауи туралы ақпарат, Махмұд Ғазнауи дегеніміз не? Махмұд Ғазнауи нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!