Коми-пермяк тілі
| Коми-пермяк тілі | |
| Өз атауы: | Komi-регміак language |
|---|---|
| Елдер: | Ресей |
| Ресми күйі: | жойылып кету қаупі бар |
| Сөйлеушілер саны: | 41 447 (2020) |
| Классификация | |
| |
| Жазуы: | кириллица |
| Тіл коды | |
| МЕСТ 7.75–97: | ком 325 |
| ISO 639-1: | kom |
| ISO 639-2: | — |
| ISO 639-3: | koi |
| Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика | |
Коми-пермяк тілі (Komi-регміак language) — фин-угор тілдер отбасының фин-пермь тармағының пермь тобына кіреді, тілдердің жалғамалы (агглютинативті) түріне жатады (флективтілік элементтері бар).
Референтті халық
| ]Референтті халық: коми-пермяктар, пермдіктер; өз атауы — перямиктер.
Географиялық таралуы
| ]Коми-пермяктар негізінен Пермь өлкесінің Коми-Пермяк округінде, сондай-ақ Киров облысының солтүстік-шығысында және Сібірдің кейбір аудандарында тұрады. 2010 жылы 13 372 коми-пермяктар дәстүрлі қоныстан тыс жерде өмір сүрді. Коми-пермяктардың ең көп қауымдастығы Түмен облысында, Ханты-Мансийск автономиялық округінде, Свердлов облысында, Ростов облысында, Коми республикасында, Краснодар өлкесінде шоғырланған.
Диалектісі
| ]4 диалектісі бар: оңтүстік (кудымкар-инвен, төменгі инвен, онков, нердвин диалектілері кіреді), солтүстік (кочев, косинск-кама, мысов, жоғарғы лупин диалектілері), Жоғарғы Кама және Коми-Язвин.
Жазуы
| ]1917 жылға дейін коми-пермяктардың жазуы коми-зырянның жазуы сияқты үш диалектінің негізінде болды: итеем, орта сысоль, төменгі вычегод. Жалпыхалықтық жазу орыс (кириллица) әліпбиінің негізінде құрылды. 1920 жылдан бастап айтарлықтай өзгертілген орыс әліпбиі қолданыла бастады. 30-жылдардың басында коми жазуы латындандырылды, ал 30-жылдардың соңында қайтадан орыс (кириллица) графикалық негізіне ауыстырылды.
| А а | Б б | В в | Г г | Д д | Е е | Ё ё |
| Ж ж | З з | И и | І і | Й й | К к | Л л |
| М м | Н н | О о | Ӧ ӧ | П п | Р р | С с |
| Т т | У у | Ф ф | Х х | Ц ц | Ч ч | Ш ш |
| Щ щ | Ъ ъ | Ы ы | Ь ь | Э э | Ю ю | Я я |
Дереккөздер
| ]- Коми-пермяк тілі. Тексерілді, 14 маусым 2025.
- Үлкен Ресей энциклопедиясы 2004–2017. Тексерілді, 14 маусым 2025.
- Э.Д. Сүлейменова, Д.Х. Ақанова, Н.Ж. Шаймерденова «Қазақстан тілдері: әлеуметтік лингвистика анықтамалығы» — «Издательство Золотая Книга» ЖШС, 2020. — Б. 140-141. — 480 б. — ISBN 978–601–7988-21-0.
- Алфавит бойынша тілдер мен диалекттер
- Ресей тілдері
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Коми-пермяк тілі туралы ақпарат, Коми-пермяк тілі дегеніміз не? Коми-пермяк тілі нені білдіреді?


Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!