Жарма пісірмесі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жарма пісірмесі (Крупяная запеканка) — тұтқыр ботқалардан 1 дайындалатын тағам. Ол үшін дайын болған тұтқыр ботқаны 60° С дейін салқындатып, оған шикі жұмыртқа, қант, кейде мейіз, өрік және ванилин қосады. Осы массаны араластырып, май жағылған және кепкен нан ұнтақтары себілген темір бетке салады. Беттегі массаның қалындығы 3—4 см. Массаның бетін тегістеп, үстін жұмыртқа мен қаймақ араласпасымен сылап, пісіру шкафының ішінде беті қызарғанша пісіреді. Дайын пісірмені суытып, үлестерге бөледі. Үстіне сары май салып және бөлек құйылған қаймақпен береді. Мұндай пісірмелерді күріш, тары және бидай жармаларынан дайындайды.

Тағы қараңыз

 | ]
  • Жарма
  • Жарма сағы

Дереккөздер

 | ]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1


wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Жарма пісірмесі туралы ақпарат, Жарма пісірмесі дегеніміз не? Жарма пісірмесі нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *