Аралық филаменттер

Аралық филаменттер — эукариоттардың жасуша қаңқасын құрайтын үш негізгі құрылымың бірі. Өлшемі микрофиламенттерден жуандау және микротүтікшелерден жіңішкелеу болғандықтан, атауы аралық филаменттер деп қойылған.
Диаметрі 10 нм болатын ақуыз жіптерінен тұрады. Құрылымы жағынан — димер, яғни екі есулі мономерден құралады.
Аралық филаменттер жасушаның цитоплазмасында орналасады (тек ламиндер ғана ядрода болады). Олар жасушалардың механикалық беріктігін нығайтады, сондай-ақ десмосомдар арқылы жасушалардың бір-бірімен тіркесуін қамтамасыз етеді.
Түрлері
| ]Аралық филаменттерді құрылысындағы ұқсастықтарына қарай 6 түрге бөлуге болады:

1-2) қышқылдық және негіздік кератиндер — эпителий ұлпасын және шаш, тырнақ, мүйіздерді қалыптастырады;
3) десмин, периферин, виментин, GFAP ақуыздары;
4) альфа-интернексин, нейрофиламенттер, синемин, синкойлин;
5) ламиндер;
6) филенсин, факинин.
Таксондарда кездесуі
| ]Аралық филаменттер жануарларда, оның ішінде омыртқалыларда, жұмсақденелілерде және кейбір басқа да таксондарда бар. Бірақ буынаяқтылар мен тікентерілілердің жасушаларынан мұндай филаменттер табылмады.
Дереккөздер
| ]- "The Human Intermediate Filament Database: comprehensive information on a gene family involved in many human diseases". Human Mutation 29 (3): 351–360. March 2008. doi:10.1002/humu.20652. PMID 18033728.
| ||||||||||||||||||||||
- Цитология
- Ақуыздар
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Аралық филаменттер туралы ақпарат, Аралық филаменттер дегеніміз не? Аралық филаменттер нені білдіреді?


Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!