Гүл күлтесі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
image

Гүл күлтесі (corolla) — гүл тостағаншасының ішіне орналасқан, саны бірден бірнешеге дейін жететін түрлі түсті ашық реңді гүлсерік. Гүл күлтесі бір-бірімен кірігіп кетсе, пішіндері қоңырау (інжугүл, қоңыраугүл, т.б.), шұңғылша (шырмауықта), түтік (күнбағыста), тілше тәрізді (бақбақта), қос ерінді (жалбыз, тауқалақайда) болады. Гүл күлтелері бірікпей жеке-жеке орналасқан өсімдіктерге қызғалдақ, итмұрын, көкнәр, сарғалдақ жатады.

Гүл күлтесінің түбіндегі жіңішкерген жерінде тәтті шірне бөлетін шірнеліктер бар. Гүл күлтесі хош иісті, тәтті шірнесі, ашық реңдерімен гүлді тозаңдандыратын жәндіктерді өзіне тартады. Ашық реңі тікелей түскен күн сәулесінің қызуын бәсеңдетеді. Сондықтан аталық пен аналықты қызып кетуден сақтайды. Салқын түскенде, түнге қарай Гүл күлтесі жабылып, ішкі жыныс мүшелерін жаңбыр суынан, шық тамшыларынан қорғайды. Бақбақ, қырмызыгүл, өгейшөп, сирень (бөртегүл), түймедағы, т.б. өсімдіктердің Гүл күлтелері медицинада дәрі дайындау үшін пайдаланылады.

Дереккөздер

 | ]
  1. Қазақ энциклопедиясы


wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Гүл күлтесі туралы ақпарат, Гүл күлтесі дегеніміз не? Гүл күлтесі нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *