Валериан қышқылы


Валериан қышқылы, шүйгіншөп қышқылы, С4Н9СООН — бір негізді, қанық органикалық қышқыл.
Валериан қышқылының төрт изомері бар:
- н-валериан қышқылы (н-пентан қышқылы): СН3-СН2-СН2-СН2-COOH
- изовалериан қышқылы (3-метилбутан қышқылы): СН3-CH(СН3)-СН2-СООН
- метилэтилсірке қышқылы (2-метилбутан қышқылы): СН3-СН2-CH(СН3)-СООН
- үшметилсірке қышқылы (2,2-диметилпропан қышқылы): СН3-С(СН3)2-СООН
Маңыздысы изовалериан мен метилэтилсірке қышқылы. Валериан қышқылының өзіне тән иісі бар, түссіз сұйық заттар. Н-валериан қышқылын бромды этилге магниймен әсер ету арқылы алады. Ол аз мөлшерде ағашты, қоңыр көмірді айдау өнімдерінде кездеседі. Изовалериан қышқылы бос күйінде біраз мөлшерде валериан тамырында кездеседі. Оны валериан тамырын су буымен айдау арқылы бөліп алады. Изовалериан қышқылы көбіне мед. препараттар алу үшін пайдаланылады.
Дереккөздер
| ]- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- Майлы қышқылдар
- Органикалық қышқылдар
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Валериан қышқылы туралы ақпарат, Валериан қышқылы дегеніміз не? Валериан қышқылы нені білдіреді?


Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!