Ибраһим әл-Мұттақи

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ибраһим әл-Мұттақи
араб.: إبراهيم المتقي‎
Лауазымы
image
Ту
Ислам халифатының 40-шы халифасы
15 желтоқсан 940 — 26 тамыз 944
(Лақап аты Әл-Мұттақи Лилләһ)
Ізашары Мұхаммед әр-Разы
Ізбасары Әбдуллаһ әл-Мүстәкфи
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі 908 (0908)
Бағдат, Ислам халифаты
Қайтыс болуы 968 (0968)
Бағдат Ислам халифаты
Династия Аббас әулеті
Әкесі Жағфар әл-Мұқтадир
Анасы Халуб
Балалары Ахмед әл-Қадір

Ибраһим әл-Мұттақи (араб.: إبراهيم المتقي‎‎; 908, Бағдат — шілде 968, Бағдат) — Ислам халифатының 40-шы халифасы, мүміндердің әмірі.

Өмірбаяны

 | ]

Әр-Разы қайтыс болған кезде әмірлердің әмірі Бекжам Уасыт қаласында болатын. Ол Бағдатқа хат жазып, мемлекеттің лауазымды тұлғаларының барлығы жиналып, уәзір Әбу Әбдуллаһ әл-Куфимен халифа таңдауға қатысты кеңесулерін бұйырды. Кеңестің нәтижесінде барлығы да Ибраһим ибн әл-Мұқтадирді қолдайтынын білдірген соң, оған серт берілді.

Ішкі келеңсіздіктер

 | ]

Бекжам биліктің барлығын уәзір Әбу Әбдуллаһ әл-Куфиге беріп қояды. Бірақ Бекжамның өзі билік басында ұзақ отыра алған жоқ. Өйткені Бағдатты басып алуды көздеген Әбілхасан әл-Бәридидің әскерімен болған соғыста қайтыс болады. Бекжам дүние салған соң, Дәйләм аймағы әл-Бәридидің қолына өтті. Осылайша әл-Бариди күшейіп Бағдатқа қарай жолға шықты. Халифаның оған тосқауыл болатындай күші болмағандықтан 10 маусым 941 жылы Бағдатқа кірді. Оны қаланың барлық лауазымды тұлғалары қарсы алды. Бірақ түркілер мен дәйләмдықтардың қарсылығына тап болғандықтан, әл-Бәриди басшылыққа келе алмай, Бағдатта біраз уақыт болған соң, ол жерден кетуге мәжбүр болады. Халифа әл-Мұттақи Шамдағы Ибн Раиқты қайта шақырып оны әмірлердің әмірі етіп тағайындады.

Тұлғалық қасиеттері

 | ]

Әл-Мұттақидің дәуірінде айтарлықтай ештеңе өзгерген жоқ. Ол ораза мен басқа да құлшылықтарды жасағанды жақсы көретін. Халифа деген аты ғана болмаса мемлекеттік істерде де, сыртқы қатынастарда да ешқандай ықпалы болған жоқ.

Дереккөздері

 | ]
  1. Шабан Өз. Ислам тарихы — Алматы: Ернар Есімқұлов, 2018 ISBN 978-601-7929-37-4

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Ибраһим әл-Мұттақи туралы ақпарат, Ибраһим әл-Мұттақи дегеніміз не? Ибраһим әл-Мұттақи нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *