Валдай қыраты

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
image
Валдай қыраты

Валдай қыраты, Валдай — Шығыс Еуропа жазығының солтүстік-батысындағы қырат. Ресейдің Ленинград, Новгород, Тверь, Псков, Смоленск облыстары аумағында. Ұзындығы 600 км, енді жері 80 км-ге жетеді. Абсолют биіктігі 343 м. Валдай қыратының негізін Мәскеу синеклизасының солтүстік-батыс қанатын құрайтын түп жыныстар (саз, тас көмір, әктас, мергель) түзейді. Қырат Шығыс Еуропа жазығындағы Каспий мен Балтық (Балт) теңіздерінің негізгі суайрығы болып табылады. Қыраттан Батыс Двина, Днепр, Еділ (Волга), т.б. өзендер бастау алады. Жер бедері төбелі-қырқалы, ойыстар мен қазаншұңқырларда көлдер көп. Ірілері: Селигер, Пено, Веслуг, Волго. Қыратта аралас және қылқан жапырақты орман өскен.

Дереккөздер

 | ]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том


wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Валдай қыраты туралы ақпарат, Валдай қыраты дегеніміз не? Валдай қыраты нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *