Дәркүл Күйікова

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Күйікова Дәркүл (15. 05. 1919 жылы туған, қазіргі Ош облысы - 1997) — қырғыз совет актрисасы, КСРО халық артисі (1967). 1944 жылдан КОКП мүшесі. Сахналық жолын 1936 жылы Қырғыздың Балалар мен жасөспірімдер театрынан бастады. 1941 жылдан Қырғыз драма театрының актрисасы. Рольдері:Айғаныш (Жантөшевтің «Құрмабегінде»), Жаңыл (Мәліков пен Құттыбаевтің осы аттас пьесасында ), Кабаниха (А. Островскийдің «Найзағайында») т. б. 1955 жылдан киноға түскен. 8-сайланған Қырғыз Жоғарғы Советінің депутаты. Қырғыз КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1968). Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

 | ]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Дәркүл Күйікова туралы ақпарат, Дәркүл Күйікова дегеніміз не? Дәркүл Күйікова нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *