Ханты тілі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ханты тілі (өзд. атауы - остяк тілі) - ханты халқының тілі. Ханты тілінде сөйлеушілер Ресей Федерациясының Түмен обл-на қарасты Ямал-Ненец және Ханты-Манси ұлттық округінде, сондай-ақ Томь облысының Александровск, Каргасок аудандарында тұрады. Жалпы саны 29 мың адам (2002). Ханты тілі манси тілімен қоса финн-угор тілдерінің об-угор тобына жатады. Шашырай қоңыстанған халық болғандықтан, Ханты тілі әр түрлі жергілікті ерекшелікке бөлінеді. Батыс тобына обдар, приобск, прииртыш диалектілері, шығыс тобына сургут пен вах-васюган диалектісі жатады. Жеке диалектілер фонет., лекс., морфол. ерекшелігімен де ажыраталады.Батыс диалектілерінде үш септік жалғауы, шығыс диалектілерінде сегіз септік жалғауы бар. Әдеби тілісы екі топтың ортасындағы аралық диалектілік ерекшелігі негізінде қалыптасқан. Ханты тілінің лексикасында орыс тілінен енген сөздер басым. Фонетикасында дауысты дыбыстар көп кездеседі. Сан есімнің жекеше, көпше түрлері бар. Сөз екпіні негізінен алғашқы буынға түседі. Кенже жазулы Ханты тілінің жазуы тек Қазан төңкеріcінен кейін 1930 жылы латын әліпбиі, 1937 жылдан кириллица негізінде қалыптасқан.


Дереккөздер

 | ]
  1. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия/Басредакторы.Б.Аяған. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясының" Бас редакциясы, 2007. - 299 бет/ ISBN 9965-893-10-1

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Ханты тілі туралы ақпарат, Ханты тілі дегеніміз не? Ханты тілі нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *