Бауыржан Төлегенұлы Әленов
Бауыржан Төлегенұлы Әленов (8 қараша 1976, Көкшетау облысы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, құқық қорғау органдарының қызметкері және полиция генерал-майоры. 2024 жылдан бастап Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары. 2022—2024 жылдары Алматы облысы бойынша полиция департаментінің басшысы.
Бауыржан Төлегенұлы Әленов | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
7 қазан 2024 жылдан бастап | ||||
Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||
Ізашары | Марат Қожаев | |||
| ||||
2 тамыз 2022 — 7 қазан 2024 | ||||
Ізашары | Арыстанғани Заппаров | |||
Ізбасары | Мейрам Әбікеев | |||
Өмірбаяны | ||||
Білімі | 1) Фемида заң институты 2) Қарағанды заң институты | |||
Дүниеге келуі | 8 қараша 1976 (48 жас) Көкшетау облысы, Қазақ КСР, КСРО | |||
Әскери қызметі | ||||
Қызмет еткен жылдары | 1997— | |||
Әскер түрі | Қазақстан Ішкі істер министрлігі | |||
Атағы | Полиция генерал-майоры | |||
Марапаттары | ![]() | |||
өңдеу ![]() |
Өмірбаяны
1976 жылы 8 қарашада Көкшетау облысында дүниеге келді.
Еңбек жолын 1997 жылы Көкшетау қаласында Ішкі істер басқармасының Мемлекеттік күзет қызметі басқармасына қарасты полиция батальонының полицейі болып бастады.
1999—2000 жылдары «Арнайы полиция» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының №7 мекемесінің күзет взводының бөлімше командирі болды.
2000 жылдан бастап Әленов Көкшетау қаласының Ішкі істер басқармасында еңбектенді:
2000—2001 жылдары Әкімшілік полиция бөлімінің полиция қызметкері;
2001—2002 жылдары Патрульдік полиция батальонының полицейі, бөлімше командирі;
2002—2004 жылдары Криминалдық полиция басқармасына қарасты жедел-іздестіру бөлімшесінің жедел уәкілі, аға жедел уәкілі.
2004 жылдан бастап Әленов Ақмола облыстық Ішкі істер департаментінде қызметте болды:
2004—2007 жылдары Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің құрамындағы мүліктік қылмыстарды ашу бөлімшесінің бастығы;
2007 жылғы ақпан—тамыз айларында Криминалдық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы;
2007—2010 жылдары Ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау және әшкерелеу бөлімінің бастығы;
2010—2011 жылдары Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасы бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары;
2011—2013 жылдары Зеренді ауданы бойынша Ішкі істер бөлімінің бастығы;
2013 жылғы шілде—қараша айларында Көкшетау қаласы бойынша Ішкі істер басқармасының бастығы.
2014—2015 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің Қызылжар ауданы бойынша Ішкі істер бөлімінің бастығы болды.
Бұдан кейін Әленов Ақмола облыстық Ішкі істер департаментінде тек жоғары лауазымдарға тағайындалды:
2015—2018 жылдары департамент бастығының орынбасары болса, 2018—2019 жылдары бірінші орынбасары;
2019—2020 жылдары департамент бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары болды.
2020 жылғы шілдеден бастап Әленов Ішкі істер министрлігінде еңбектенуде:
2020 жылғы шілде—қараша айларында Жетінші департамент бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары болса, сол жылғы қараша айында департамент бастығы.
2019—2020 жылдары Жедел қызмет департаментінің бастығы болды.
2022 жылғы 2 тамызда Президент Әкімшілігінің келісімімен Алматы облысы бойынша полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды.
2024 жылы Шерзат Болаттың өлімі нәтижесінде Ішкі істер министрлігіндегі бірқатар ауыс-түйіс барысында Қазақстан Президентінің өкімімен Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Білімі
2004 жылы Фемида заң институтын бакалавр дәрежесі бойынша тәмамдады.
2012 жылы Қарағанды заң институтын заң ғылымдарының магистрі дәрежесі бойынша тәмамдады.
Марапаттары және атақтары
2025 жылғы 6 мамырда Қазақстан Президентінің № 871 қаулысымен полиция генерал-майоры арнаулы атағы берілді.
ІІ дәрежелі Айбын орденімен марапатталған.
Дереккөздер
- Бауыржан Әленов Алматы облысы полиция департаментінің басшысы болды (қаз.). Sputnik (2 тамыз 2022). Тексерілді, 4 тамыз 2025.
- Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Төлегенұлы Әленов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды (қаз.). Қазақстан Президентінің ресми сайты (7 қазан 2024). Тексерілді, 4 тамыз 2025.
- Әленов Бауыржан Төлегенұлы (қаз.). Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы. Тексерілді, 4 тамыз 2025.
- Аленов Бауржан Толегенович (персональная справка) (орыс.). Параграф. Тексерілді, 4 тамыз 2025.
- Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы (қаз.). Қазақстан Президентінің ресми сайты (6 мамыр 2025). Тексерілді, 4 тамыз 2025.
- Аленов Бауржан Толегенович (персональная справка) (орыс.). Параграф. Тексерілді, 4 тамыз 2025.
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Бауыржан Төлегенұлы Әленов туралы ақпарат, Бауыржан Төлегенұлы Әленов дегеніміз не? Бауыржан Төлегенұлы Әленов нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!