Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мемлекеттік аппарат - заңнамада бекітілген бірыңғай қағидалар мен билік бөлінісі негізінде құрылған және қажетті материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілген мемлекеттік органдар жүйесі. Мемлекеттік аппарат билігі қарулы күштер мен түрлі күштеу құрылымдарына сүйенеді. Осындай біртұтас жүйеде мемлекеттік органдардың әртүрлі топтары мен тарамдары өзара қарым- қатынаста әрекет ету арқылы мемлекеттің жалпы міндеттері мен қызметін іске асырады. Мемлекеттік органдардың құрылу тәртібі мен қызметі, құрылысы мен құзыреті құқықтық нормалармен бекітіледі және оларға жалпыға міндетті көпшілікке немесе жекелеген тұлғаларға бағытталған заңи актілер шығару құқығы беріледі. Осы актілер тәрбиелік, марапаттаушылық, сендіру, ал ол жеткіліксіз болған жағдайда күштеу шараларымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың мемлекеттік бюджеттен қаражат алу мүмкіндігі болады әрі өз қаулы-қарарларын орындатуға қажетті материалдық құралдармен жабдықталады.
Дереккөздер
| ] - Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Санаттар:
- Мемлекет және құқық теориясы
- Саясат
- Мемлекет
Жасырын санат:
- ISBN сиқырлы сілтемелері қолданылған беттер
- Уикилендіруі қажет мақалалар
- Еш медиа файлы жоқ мақалалар
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Мемлекеттік аппарат туралы ақпарат, Мемлекеттік аппарат дегеніміз не? Мемлекеттік аппарат нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!