Туыстық атаулары
Туыстық атаулар — туыстық қарым-қатынасты білдіретін ұғымдар.
Бір отбасындағы туыстық атаулар
| ]- Ата - баланың әкесінің және анасының әкелері.
- Әже - баланың әкесінің және анасының шешелері. Одан арғылары үлкен әже деп аталады.
- Әке - баланың ата-анасының бірі.
- Ана, шеше - баланы дүниеге әкелген әйел.
- Аға - бір әкеден немесе бір шешеден туылған, бауырлар арасында жасы үлкен ұл.
- Іні - Жасы бойынша кіші ұл.
- Бауыр - бір әке-шешенің балалары.
- Әпке, апа, әпше - жасы бойынша үлкен қыз бала.
- Сіңілі - қыз бауырлар арасындағы жасы бойынша кішісі.
- Қарындас - ұлдан кейінгі туылған қыз бала. Бұл туыстық атауды ер адамдар тек өзінен кіші қыз балаға айтады.
Туыстық қарым-қатынастағы атаулар
| ]- Абысын - ағайынды адамдардың әйелдері.
- Бажа - бір адамның немесе ағайынды кісілердің қыздарына үйленген адамдар.
- Бөле - бірге туған апалы-сіңілі кісілердің балаларының арасындағы туыстық қатынастың атауы.
- Балдыз - әйелінің (жарының) сіңлілері (Оңтүстік Қазақстанда). Басқа өңірлерде інілерін де балдыз деп айтады.
- Ене - жарының аналары.
- Құда - баланың жары(әйелі немесе күйеуі) жағынан туыстық қатынасын білдіретін сөз, сондай-ақ олардың аталары, әкелерінің атауы.
- Құда бала - құдасының баласы (ұлы) т.б. жасы кіші туысы.
- Құдағи - Күйеу мен қалыңдықтың шешелері немесе әжелері (құдандал адамдардың әйелдері).
- Құда-жекжат - ілік-шатыс құда адамдар.
- Құдандалы - қыз алысып, қыз беріскен, сүйек шатысы бар адамдар.
- Құдаша - ерлі-зайыпты адамдардың жасы кіші әйел туыстары (құдандалы адамдардың қыздары).
- Жиеншар - жиеннен туған бала.
- Жиен - күйеуге шыққан қыздан туған бала.
- Жеңге - атаның, жасы үлкен туыстардың әйелі.
- Жезде - апаның, жасы үлкен туыстардың күйеуі.
- Күйеу - әйелдің ері, жұбайы.
- Келін - ата-ана үшін баласының әйелі де, жасы үлкен ағалары мен туысқандары үшін інісінің әйелі.
- Қайын - жары жағынан туыстық қатынасын білдіретін сөз.
- Қайын аға - ерлі-зайыптылардың туған және туысқан ағаларының оларға туыстық қатынасы.
- Қайын ата - күйеу мен келіннің туған әкелерінің оларға туыстық қатынасы.
- Қайын ене - күйеу мен келіннің туған шешелерінің оларға туыстық қатынасы.
- Қайын бике - күйеу мен келіннің туған әпкелерінің оларға туыстық қатынасы.
- Қайын сіңілі - күйеудің қарындастарының әйеліне туыстық қатынасы.
- Қайын іні - ерлі-зайыптылардың өздерінен кіші ұл бауырлары.
- Нағашы - ана жағынан туыстық қатынасын білдіретін сөз.
Тағы қараңыз
| ]- Ана
- Әке
- Ата
Дереккөздер
| ]- "Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл": Әдеби-этнографиялық таным. (Құрастырғандар: Б.Әлімқұлов, Е.Әбдіраманов). 238б., 1994. ISBN 5-7090-0195-3
Санаттар:
- Қазақ салт-дәстүрлері
- Отбасы
- Туыстық
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Туыстық атаулары туралы ақпарат, Туыстық атаулары дегеніміз не? Туыстық атаулары нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!