Зәуреш Жұманәліқызы Аманжолова
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
|
Зәуреш Жұманәліқызы Аманжолова (15 наурыз 1958; Тараз, ҚазССР, ҚССР) қазақстандық мемлекеттік және қоғамдық қайраткер, медицина ғылымдарының кандидаты (2010).
Өмірбаяны
Зәуреш Джуманалиевна Аманжолова 15 наурыз 1958 жылы Джамбул қаласында дүниеге келген. 1975 ж. - 1981 ж. – Алматы мемлекеттік медициналық институтын бітірген. Емдік ісі факультеті. Денсаулық сақтау ұйымының әлеуметтік гигиенасы бойынша жоғары санаты бар (2001).
Еңбек қызметі
- 1981 – 1982 жылдары – Алматы қаласындағы №5 перзентханада бір жылдық интернатура өткен.
- 1982 – 1989 жылдары – Алматы қаласындағы №5 перзентхананың акушер-гинеколог дәрігері.
- 1989 – 1995 жылдары – Алматы қаласындағы №5 перзентханада бас дәрігер.
- 1995 – 2006 жылдары – Алматы Қалалық перинатарлық орталығында директор.
- 2006 – 2009 жылдары – Алматы қаласынының денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
- 2009 – 2013 жылдары – Алматы қаласының Бостандық ауданының әкімі.
- 2013 – 2015 жылдары – Алматы қаласының әкімінің орынбасары.
- 2015 – 2016 жылдары – «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасының бірінші орынбасары.
Сайланбалы қызметтері, депутаттық
24 наурыз 2016 жылдан бастап – «Нұр Отан» партиясы атынан, VI шақырылымынан Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің Депутаты, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі Комитеттің мүшесі.
Ғылыми атағы
- 2002 — медицина ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: «Оценка эффективности внедрения новых перинатальных технологий в работу родовспомогательного стационара»
- 2010 — медицина ғылымдарының докторы, диссертация тақырыбы: «Медико-организационные технологии снижения репродуктивных потерь».
- Медицина ғылымдарының профессоры.
Марапаттары және атақтары
- 1999 — «Қазақстанның денсаулық сақтау ісінің үздігі»
- 2001 — «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 10 жылдығына» арналған медаль
- 2005 — «Қазақстан Республикасының ең үздік акушер-гинекологы»
- 2005 — «Қазақстан Республикасындағы Конституцияның 10 жылдығына» арналған медаль»
- 2007 — «Алтын скальпель» төс белгісі
- 2007 — «Белсенді қызметі үшін» Нұр Отаннан медаль
- 2007 — «Кәсібилік және іскерлік беделі үшін» А.П. Чижевский атындағы алтын медаль
- 2007 — Гиппократ ордені
- 2011 — Құрмет ордені
- 2014 — «Ұлт мақтанышы» медалі
- 2015 — «Қазақстан халқының 20 жылдық Ассамблеясы» медалі
- 2015 — «Қазақ хандығының 550 жылдығы»
- 2015 — «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» медаль
Ғылыми және әдеби еңбектер
Акушерлік және гинекология мәселелері бойынша баспасөздерде бірқатар жариялымдардың, үш әдістемелік нұсқаулардың авторы.
Отбасылық жағдайы
- Тұрмыста, екі баласы бар, ұл және қыз.
Ескерту
АМАНЖОЛОВА ЗӘУРЕШ ДЖУМАНАЛИЕВНА Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі Комитеттің мүшесі
Сілтемелер
- Зәуреш Аманжолова «Нұр Отан» алматы филиалының төрағысының орынбасары болды
- Астананың ең үздік дәрігерлеріне миллион теңгеден ұсынды
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Зәуреш Жұманәліқызы Аманжолова туралы ақпарат, Зәуреш Жұманәліқызы Аманжолова дегеніміз не? Зәуреш Жұманәліқызы Аманжолова нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!