Созақ шайқасы
Созақ шайқасы , 1841 жылы қыркүйек айында болды. 1841 жылы қыркүйектің басында Кенесары Қасымұлы Кіші жүздің шөмекей, төртқара, табын руларынан жасақталған 4 мың адамдық қолымен Ташкентке бет алды. Бірақ, оның әскер арасында жұқпалы аурудың шығуы жолын біршама бөгеді. Алайда әскерінің екінші бөлігі Созақ, Жаңақорған,Жөлек, Ақмешіт қалаларын қоршауға алды. Әсіресе Созақ қамалы үшін қиян-кескі соғыс болды. Құжаттарда мынадай деректер сақталған: “Кенесары Созақты 18 күн бойы қоршауға алды. Қамал қабырғаларына шығу үшін ағаш сатылар жасалды. Кенесары Созақты және басқа да бекіністерді талқандап, айналасындағы Қоқанға бағынышты қазақтарды өзіне қосып, оларды Торғайға қарай көшуге мәжбүр етті”. Созақтың, бірнеше қамал мен бекіністің алынуы халық бұқарасының алдында Кенесарының беделін көтерді. Бұл жеңілістің нәтижесінде Қоқан хандығы Кенесарыға мәңгілік одақ құруды ұсынды. Бірақ, Кенесары бұдан бас тартып, қазақтарға тиісті жерлерді қайтарып беруді талап етті.
Дереккөздер
| ]- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- Қазақстан тарихы
- Кенесары хан
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Созақ шайқасы туралы ақпарат, Созақ шайқасы дегеніміз не? Созақ шайқасы нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!