Мұхаммед әл-Мұғтазз
| Мұхаммед әл-Мұғтазз араб.: محمد المعتز | ||
867 жылы әл-Мұғтазздың атымен шығарылған динар | ||
| Лауазымы | ||
|---|---|---|
| ||
| 17 қазан 866 — 18 маусым 869 | ||
| (Лақап аты Әл-Мұғтазз Билләһ) | ||
| Ізашары | Ахмед әл-Мұстағин | |
| Ізбасары | Мұхаммед әл-Мүһтәди | |
| Өмірбаяны | ||
| Діні | Ислам | |
| Дүниеге келуі | 845 Самарра, Ислам халифаты | |
| Қайтыс болуы | 18 маусым 869 Самарра, Ислам халифаты | |
| Династия | Аббас әулеті | |
| Әкесі | Жағфар әл-Мүтәуәккил | |
| Анасы | Құбайһа | |
| өңдеу | ||
Мұхаммед әл-Мұғтазз (араб.: محمد المعتز; 845, Самарра — 18 маусым 869, Самарра) — Ислам халифатының 32-ші халифасы, мүміндердің әмірі.
Өмірбаяны
| ]Әл-Мұғтазздың әкесі әл-Мүтәуәккил оны әл-Мұнтасырдан кейінгі тақ мұрагері етіп қалдырған болатын. Бірақ жоғарыда да айтып өткеніміздей, әл-Мұстағин таққа келісімен түркі текті қолбасшылардың талабымен оны және бауыры әл-Мұғтаззды қаматады. Әл-Мұстағин мен әскербасылардың арасында келеңсіздік шыққанда халық әл-Мұғтаззды түрмеден шығарып, оған серт береді. Әл-Мұғтаззға серт берілген уақыттан бастап 18 маусым 869 жылға дейін билік етеді.
Әл-Мұғтазздың билігі кезінде түркі қолбасшылардың арасында да, әскердің басқа да бөліктерінде қарама-қайшылық пен күрес жалғасты. Халифа әл-Мұғтазздың дәуірі түркілердің саяси ықпалының ең күшті болған және қарсы күштердің де бас қосқан уақыт болып табылады. Әл-Мүтәуәккилден басталған түркілерге қарсы әрекет ақырындап күшейіп бар жатты. Бір жағынан, әскердің ішінде басқа да ұлттардан кейбір топтардың құрылуы, екінші жағынан, халықтың нақты түрде күреске кірісуі — түркі текті қолбасшылар үшін қауіптің белгісі еді.
Әл-Мұғтазз халифалықтан алыстатылғаннан кейін жанын аман алып қалатынына сөз бергенімен әл-Мұстағинді өлтірткен болатын. Әл-Мұғтазз әл-Мұстағинге берген сөзін бұзумен қатар, Ибраһим әл-Муаядты да мұрагерліктен алыстатып, оны және бауыры Әбу Ахмедті түрмеге қамайды.
Оның дәуірінде Фаристі алған Жақып ибн Ләйстің ықпалы күшейе түседі.
Әскерлер мемлекет қазынасында түк қалмағандықтан, жалақыларын сұрап әл-Мұғтаззға келеді. Әл-Мұғтазз оларға ештеңе төлей алмайтын болғандықтан, оны тақтан алыстатуға шешім қабылдап, биліктен бас тартуға мәжбүрлейді. Оған халифалықтан бас тартқандығын растайтын сөздерді өз қолымен жаздыртып алғаннан кейін, үш күн бойы ас-сусыз азапталып өлтірілуі сол кездегі халифалық биліктің қаншалықты деңгейде болғанын көрсетуге жеткілікті болса керек.
Дереккөздері
| ]- Ислам тарихы. Алматы: Ернар Есімқұлов, 2018 ISBN 978-601-7929-37-4
- 845 жылы туғандар
- 18 маусымда қайтыс болғандар
- 869 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Аббас әулетінің халифтері
- Ирактық Аббасилердің халифалары
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Мұхаммед әл-Мұғтазз туралы ақпарат, Мұхаммед әл-Мұғтазз дегеніміз не? Мұхаммед әл-Мұғтазз нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!