Солтүстік бұғысы
| Солтүстік бұғысы Қазбалық ауқымы: Плейстоцен 620,000 BP to present | ||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||||||
| Амандық күйі | ||||||||||||||||||
![]() Least Concern (IUCN) | ||||||||||||||||||
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
| Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
| Rangifer tarandus (Linnaeus, 1758) | ||||||||||||||||||
![]() |
Солтүстік бұғысы (лат. Rangifer tarandus) – бұғылар тұқымдасына жататын сүтқоректі.
Биологиялық сипаттамасы
| ]Бұқасының дене тұрқы 220 см-ге, биіктігі (шоқтығынан) 140 см-ге, салмағы 220 кг-ға жетеді. Солтүстік бұғының қысқы жүні бозғылт, ақшыл, ұзын, қалың жабағылы, жазда қызғылт күрең, тықыр сирек. Аяғының аша тұяғы жалпақ,, кең ашылады, сондықтан бұқа аяғы қалың қарға, батпаққа аса батпайды.
Қоректенуі мен таралуы
| ]Солтүстік бұғы Еуропа, Азия және Солтүстік Америкада поляр аралдарын, тундраны, жазық және таулы тайганы мекендейді. Үйірлі, полигамиялы жануарлар. Қысқы оты негізінде қына, көбіне бұғы мүгі, бұта, ағаш бүршігі, бұтағы, жазда шөптесін өсімдіктер, бұта жапырағы, жидек, саңырауқұлақ. Жыл маусымына байланысты тундрадан орманды тундраға және тайганың солтүстігіне өрістейді.
Көбею
| ]Қазан-қыркүйекте үйірге түсіп, 225 күн көтеріп, мамыр- маусымда жалқы, кейде егіз бұзаулайды, жыныстық жағынан 2- жылы жетіледі. Үйірге түсіп шыққан бұқасының мүйізі түсіп, сәуір-тамызда қайта жетіледі. Сиырының мүйізі бұзаулағаннан кейін түсіп, жаңа мүйізі қыркүйекке дейін өсіп жетіледі.
Қолданылуы
| ]Кәсіптік маңызы бар, еті, терісі пайдаланылады. Қолда өсірілетін Солтүстік бұғының тегі- жабайы Солтүстік бұғы.
Дереккөздер
| ]- Kurtén, Björn (1968). Pleistocene Mammals of Europe. Transaction Publishers. pp. 170-177. ISBN 978-1-4128-4514-4. https://books.google.com/books?id=OsPBXSNL8ZkC&pg=PA170. Retrieved 6 тамыз 2013.
- Henttonen, H. & Tikhonov, A. (2008). Rangifer tarandus. In: IUCN 2008. IUCN Red List of Threatened Species. Downloaded on 29 April 2010.
- Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 331 бет
- Қауіптен тыс түрлер
- Бұғылар
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Солтүстік бұғысы туралы ақпарат, Солтүстік бұғысы дегеніміз не? Солтүстік бұғысы нені білдіреді?






Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!