Рәтбек Нысанбайұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Рәтбек қажы Нысанбайұлы (14 қараша 1940 жыл, Сарыағаш ауданы – көрнекті діни қайраткер. Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш бас муфтиі. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры, белгілі ғалым. Сіргелі тайпасының Батыр-Жайдақ руынан шыққан.

Өмірбаяны

 | ]
  • Бұхарадағы «Мир-Араб» медресесін және Бұхар педагогикалық институтын бітірген (1964).
  • Шетелде Ливия университетінде діни білім алған (1975).
  • Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1990).
  • Қазақстан халықтары ассамблеясы кеңесінің мүшесі.
  • І және ІІ құрылтайларда бірауыздан сайланған (1990-1992).
  • Ол бас мүфти болған кезде еліміздегі мешіттер саны 1,5 мыңға дейін көбейді, Алматыда Бас мешіт салынды. Оның бастамасымен Ислам университеті, Жамбыл облысының Меркі ауылында медресе ашылды, «Ислам әлемі» және «Шапағат-Нұр» діни журналдар шыға бастады.
  • Қазіргі уақытта Есік қалалық мешітінің бас имамы.

Дереккөздер

 | ]
  1. Рахаев Нұрғали Баймаханұлы, Қамбарова Зухра Медеуқызы Сіргелі Батыр-Жайдақ шежіресі / Редактор: Раушан Өскенқызы — Алматы: Нұрлы Әлем, 2022. — 888 б. — 5000 таралым. — ISBN 978-601-205-708-9.
  2. Қазақ шежіресі. 2 том. Орта жүз-жан арыс, Теңізбай Үсенбаев,.
  3. Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
  4. Мүбәрәк мереке Мұрағатталған 8 сәуірдің 2016 жылы.

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Рәтбек Нысанбайұлы туралы ақпарат, Рәтбек Нысанбайұлы дегеніміз не? Рәтбек Нысанбайұлы нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *