Рахметолда Сәлменов
| Рахметолда Сәлменов | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Туған күні | 1 қаңтар 1900 |
| Туған жері | Қарқаралы ауданы, Семей облысы, Ресей империясы |
| Қайтыс болған күні | 5 қаңтар 1970 (70 жас) |
| Қайтыс болған жері | Алматы, Қазақ КСР, КСРО |
| Азаматтығы |
|
| Мамандығы | актер |
| Белсенді жылдары | 1938-1966 |
Рахметолда Сәлменов (1 қаңтар 1900, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы - 5 қаңтар 1970, Алматы) — актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1966).
Өмірбаяны
| ]1930-1934 ж. кен өндіретін жерде, т.б. әр түрлі жұмыстар жасады.
1935 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ академиялық драма театрында, сонымен қатар қазақ опера және балет театрында (1935- 39) қызмет етті.
1936 ж. Мәскеу қаласында өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Гастрольдік сапармен Қазақ академиялық драма театрының құрамында Қазан, Уфада өнер көрсетті.
Ойнаған рөлдері
| ]Негізгі рольдері: Көкбай, Кобей, Есен, Жарылғап (М.Әуезовтің "Абай", "Енлік - Кебек", пен "Қарагозінде"), Қарабай, Қарасақал, Балта (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Ақан сері - Актоқтысында"), Сабатай (Ш.Құсайыновтың "Марабайында"), Жекшенқұл (Ш.Айтматовтың "Ана - Жер-анасы" бойынша), т.б. 1938 жылдан киноға түскен: Серік ("Амангелдіде"), Еркінбай ("Әзілшыны араласта", 1963), Базарбай ("Алдар көседе", 1964), т.б.
Фильмографиясы
| ]- 1938 - Амангелді - Серке
- 1958 - Біз - Жетісуданбыз - Қарабай
- 1960 - Бір ауданда - Сұлтанқұлов
- 1961 - Алёнка - сатушы
- 1963 - Әрі қалжың, әрі шын - Еркімбай
- 1963 - Менің атым Қожа - колхозшы
- 1964 - Алдар көсе - Жуанбай
- 1964 - Тұлпардың ізі - Жаухаздың әкесі
- 1966 - Ата-бабалар жері - эпизод
- 1966 - Ән қанатында - газета редакторы
- 1966 - Менің арманым - Сапардың ағасы
Марапаттары
| ]"Құрмет белгісі" орденімен марапатталған.
Дереккөздер
| ]- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
- 1 қаңтарда туғандар
- 1900 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Қарқаралы ауданында туғандар
- 5 қаңтарда қайтыс болғандар
- 1970 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша актерлер
- КСРО актерлері
- Қазақстан актерлері
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Рахметолда Сәлменов туралы ақпарат, Рахметолда Сәлменов дегеніміз не? Рахметолда Сәлменов нені білдіреді?


Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!