Ғаламшарлық тұмандық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
image
Мысық көзі тұмандығы
image
Батпантас тұмандығы

Ғаламшарлық тұмандықтар талшықты диффузиялық тұмандықтан басқа дөңгелек пішінді, өте шағын тұмандықтар. Олай аталуы телескоппен бақылағанда сыртқы пішіні ғаламшарға ұқсайтынына байланысты.

Әрбір ғаламшарлық тұмандықтың ортасында әлсіз, өте ыстық жұлдыз – ядро бар. Жайылу алдында сутегінің жанып бітуі кезінде қызыл алып газ сыртқа лақтырылады, олар жұлдызаралық кеңістікте 20-50 км/с жылдамдықпен үлкейетін қабықша құрайды. Жұлдыздың ыстық ішкі бөлігі сығылады және ғаламшарлық тұмандықтың ядросына айналады. Ядро біртіндеп суи отырып, кәдімгі ақ ергежейліге айналады, ал ғаламшарлық тұмандық кеңейеді және уақыт өткен сайын жұлдызаралық ортада тарайды.

Ғаламшарлық тұмандықтардың өмір циклы бірнеше онмыңдық жыл құрайды. Бұл астрономиялық тұрғыдан өте аз мерзім болып келеді.


wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Ғаламшарлық тұмандық туралы ақпарат, Ғаламшарлық тұмандық дегеніміз не? Ғаламшарлық тұмандық нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *