Орман жаңғағы
| Шаттауық (орман жаңғағы) | ||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Кәдімгі шаттауық (Corylus avellana) | ||||||||||||||
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
| Синонимдері | ||||||||||||||
| Lopima Dochnahl |
Шаттауық немесе орман жаңғағы (лат. Corylus) – қайың тұқымдасына жататын бұта.
Еуропаның орман белдеуінде, Азияда және Солтүстік Америкада өсетін 20-ға тарта түрі бар. Қазақстанда Жайық өзенінің жағалауларында өсетін бір ғана түрі – кәдімгі шаттауық немесе кәдімгі орман жаңғағы (С. avellana) бар. Биіктігі 2 – 5 м, кейде 8 м-дей болады. Жапырақтары үлкен сопақша немесе домалақ, шеті тілімденген. Тұқымынан, шыбығынан, тамыр атпалары және сұлама бұтақтары арқылы көбейеді. Наурыз – сәуір айларында гүлдеп, тамыз-қыркүйекте жеміс береді. Бір бұтадан 8 кг-ға дейін жаңғақ алынады. Жаңғақ құрамында 60 – 70% май болады. Жемісі 2 – 5-тен топталып, кейде дараланып өседі; сопақша, қоңырқай түсті, жеуге жарамды. Көлеңкеге төзімді орман жаңғағы ылғал топырақтарда, әсіресе орманның сұр топырағында және қара топырақты жерлерде жақсы өседі. 80 жылдай өмір сүреді.
Дереккөздер
| ]- Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
- Қазақ энциклопедиясы VII том;әдебиет: Красная книга Казахстана, А.-А., 1981.
| ||||||
- Қайың тұқымдасы
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Орман жаңғағы туралы ақпарат, Орман жаңғағы дегеніміз не? Орман жаңғағы нені білдіреді?

Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!