Наурызым қорығы
| Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы | |
| ХТҚО санаты — Ia (Қатаң табиғи резерват) | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Ауданы | 191 381 га |
| Құрылған уақыты | 30 маусым 1931 жылы |
| Басқаратын ұйым | ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті |
| Сайты | https://naurzum.kz/ |
| Орналасуы | |
| 51°29′00″ с. е. 64°18′00″ ш. б. / 51.48333° с. е. 64.30000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 51°29′00″ с. е. 64°18′00″ ш. б. / 51.48333° с. е. 64.30000° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Қостанай облысы |
| Аудандар | Науырзым ауданы, Әулиекөл ауданы |
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы – Қостанай облысы Науырзым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық.
1931 жылы ұйымдастырылған (320 мың га), 1966 жылы ауданы ықшамдалып (87,7 мың га), қайта құрылды. Оған Терсек(көлемі 4,7 мың га), Сыпсың (көлемі 7 мың га) және Наурызым (көлемі 37,2 мың га) орман алқаптары мен Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын көлдері енеді. Олардың үлесіне бетегелі-жусанды 5 мың га тың жазық дала кіреді. Қорық орналасқан аумақтың климаты континенттік; қысы – суық, ызғарлы; жазы – ыстық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 – 250 мм. Топырағы құмайтты. Мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 700-ге жуық түрі (қарағай, қайың, көктерек, тобылғы, тал, мойыл, қырыққұлақ, т.б.) өседі. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай: сүтқоректілердің 40-тан астам, құстардың 250-дей, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 3 және балықтардың 10-ға жуық түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, ор қоян, елік, борсық, түлкі, суыр, т.б. мекендейді. Қорықтан аққу, безгелдек, дуадақ, ақ сұңқар, тарғақ сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Бұл аймақта су көздерінің мол болуы көктемде жыл құстарының ұшып келуіне, ұя басуына мүмкіндік береді. Қорықта “Табиғат мұражайы” жұмыс істейді.
Дереккөздер
| ]| Қазақстан ерекше қорғалатын табиғи аумақтары | |
|---|---|
| Қорықтар (тізім) | Ақсу-Жабағылы | Алакөл | Алматы | Барсакелмес | Батыс Алтай | Қаратау | Қорғалжын | Марқакөл | Наурызым | Үстірт |
| Ұлттық парктер (тізім) | Алтынемел | Баянауыл | Бурабай | Бұйратау | Жоңғар Алатауы | Катонқарағай | Көкшетау | Көлсай көлдері | Қарқаралы | Сайрам-Өгем | Тарбағатай | Шарын | Іле Алатауы |
| Резерваттар (тізім) | Ақжайық | Алтын Дала | Ертіс орманы | Семей орманы | Ырғыз-Торғай | Іле-Балқаш |
| Қорық аймақтары | Арыс және Қарақтау | Жусандала | Кендірлі-Қаясан | Оңтүстік Қазақстан | Солтүстік Каспий |
| Қорықшалар | Қазақстан қаумалдары |
| Табиғат ескерткіштері | Қазақстан табиғат ескерткіштері |
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
- ХТҚО Ia санаты
- Алфавит бойынша қорғалатын табиғи аумақтар
- Қазақстан қорықтары
- Қазақстандағы Әлемдік мұра
- Қостанай облысы
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Наурызым қорығы туралы ақпарат, Наурызым қорығы дегеніміз не? Наурызым қорығы нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!