Брахмапутра өзені
Брахмапутра өзені, Брамапутра — Қытай, Үндістан және Бангладеш жерімен ағып өтіп, Бенгал шығанағына құяды. Ол Тибетте – Мацанг, Цангпо, Гималай тауында — Диханг, Үндістанда – Брахмапутра, Бангладеште – Джамуна деп аталады. Ұзындығы 2900 км, алабының ауданы 506 мың км². Гималайдың солтүстік беткейі мен Кайлас жотасының оңтүстік беткейіндегі бірнеше шағын өзендердің қосылуынан басталады. Джамда өзені сағасынан төменірек ( 95Ә ш. б.) Тангла жотасы мен Гималайды кесіп өтеді, Ганг жазығына шыққан соң ағысы баяулайды. Ганг өзенімен атырауы бір (80 мың км²). Басты салалары: Нау, Чорта-Цангпо, Рага-Сангпо, Ньянгчу, Субансири, т.б. Брахмапутраның суы қыста азаяды, көктем мен жазда тасиды. Шығанаққа құяр тұсындағы жылдық орташа су ағыны 12 мың м3/с, жаз айларында 15 мың м3/с-қа жетеді. Құйылысынан 1290 км-ге дейін кеме жүзеді. Суы егін суаруға пайдаланылады.
| Brahmaputra River | |
| River | |
| Елдері | Bangladesh, India, China |
|---|---|
| Штаттары | Assam, Arunachal Pradesh |
| Autonomous Region | Tibet |
| Tributaries | |
| - left | Dibang River, Lohit River, Dhansiri River |
| - right | Kameng River, Raidak River, Jaldhaka River, Teesta River |
| City | Guwahati |
| Source | Chemayungdung Glacier |
| - elevation | Үлгі:Unit height |
| Mouth | Bay of Bengal |
| - elevation | Үлгі:Unit height |
| Length | Үлгі:Unit length |
| Basin | 651 334 km² (251 500 sq mi) |
| Discharge | |
| - average | Үлгі:Unit discharge |
| - max | Үлгі:Unit discharge |
![]() Map of the combined drainage basins of the Brahmaputra (violet), Ganges (orange), and Meghna (green). | |




Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
Дереккөздер
- Brahmaputra River, Encyclopædia Britannica
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Брахмапутра өзені туралы ақпарат, Брахмапутра өзені дегеніміз не? Брахмапутра өзені нені білдіреді?




Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!