Көлденең руы
Көлденең — Орта жүз Қыпшақ тайпасынан Қара Қыпшақ рулар бірлестігіне кіретін ру, бес таңбалы қыпшақтың бірі. Шежіре деректері бойынша:
- Көлденең Алатай,
- Қыжық,
- Былғашы,
- Шандаяқ,
- Көккөз,
- Тасқор,
- Арық,
- Науша,
- Мимық деген аталарға бөлінеді.
Көлденеңнің ұрпақтары Қазан революциясына дейін Қазақстанның Ресеймен шекаралас (Омбы, Челябинск, Қорған облыстары) солтүстік аудандарын мекендеген. Көлденең отырықшылыққа ерте ауысқан. Өзен бойын қоныстағандары аздап егін егіп, балық аулаған; орыс кепестеріне жалданып кіре тартқан. Қырдағысы мал өсірген.
Ұраны - Ойбас, таңбасы - ІІ (қос әліп таңба); Ұраны мен таңбасы бүкіл Қыпшақтың ұраны мен таңбасымен бірдей.
Дереккөздер
- Қазақ Совет Энциклопедиясы, бас редакторы М.Қ.Қаратаев, Алматы, 1972 ж. 1-том
![]() | Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Көлденең руы туралы ақпарат, Көлденең руы дегеніміз не? Көлденең руы нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!