Классикалық күрес
Мына мақаланы не бөлімін Грек-рим күресі дегенмен біріктіруге ұсынылған. (Талқылауы) |
Классикалық күрес — спорттық күрестердің бір түрі. Балуандар күресі ерте заманнан белгілі. Ертедегі олимпиада ойындарының да бағдарламасына енген. Күрестің алғашқы ережесі 1896 жылы шыққан. КСРО-да спорттың бұл түрі француз күресі, грек-рим күресі деп аталынып келді. 1948 жылдан бастап классикалық күрес деп аталынды. КСРО 1947 жылы классикалық күрес халықаралық федерациясына енді. КСРО-да классикалық күрестен алғашқы чемпионат 1924 жылы ұйымдастырылды. Күрестің бұл түріне түрегеліп тұрып лақтыру, жығу, үйіру, жығылып жатып лақтыру, аудару әдістері енеді. Мұнда белден төмен ұстауға, аяқпен айла-тәсіл қолдануға рұқсат етілмейді. Белдесу уақыты 9 минут. Әр 3 минуттан кейін бір минуттік үзіліс беріледі . Классикалық күрестегі жекпе-жектің мақсаты қарсыластың екі жауырынын бір мезгілде кілемге тигізу. Белдескенде екі балуан арасында 4 айып ұпайы сарапқа түседі. Жеңіске -0 (жеңіліске-4), тең түссе-2 (екеуіне де), ұпай санымен жеңгенде 1 (жеңілгенде-3,5) ұпай беріледі. Жарыс барысында аз айып ұпай алған балуан жеңген болады. Ал 6 айып ұпай алған балуан жарыстан шығарылады. Алматыда күрестен спорт мектебі 1936 жылы ашылған. Классикалық күрес балуандарының жарысы жыл сайын өткізіліп тұрады.
Дереккөздер
М.Қ.Қаратаев. Қазақ совет энцеклопедиясы. 4 том.
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Классикалық күрес туралы ақпарат, Классикалық күрес дегеніміз не? Классикалық күрес нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!