Темір жазуы
Темір жазуы – Әмір Темірдің (1336 – 1405) Алтын Орда ханы Тоқтамысқа қарсы жорығы кезінде 1391 жылы жазылған ескерткіш.

Құлпытасты, Ұлытау бойындағы Қарсақпай кенінің жанынан, 1935 жылы қазақтың ұлы ғалым-геологы Қаныш Сәтбаев тауып зерттеген. Мәтін екі түрлі жазу үлгісінде (үстіңгі жолы араб, астыңғы сегіз жолы ұйғыр жазуымен) жазылған. Бұл ескерткішті "Алтын шоқы жазуы" деп те атайды. Қарсақпай жазуы 1936 жылы Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург) Эрмитаж мұражайына апарылып, әлікүнге дейңн сонда сақталуда. Жазуды 1940 жылы Николас Поппе зерттеп, басып шығарса, кейін Нәпіл Базылхан, Хасан Ерен, Ольга Борисовна Фролова, А.П.Григорьев, Н.Н. Телицын, А.Н. Пономарев пен Зеки Велиди Тоған тағы зерттеген.
Көлемі
Жазудың өлшемі 80х40 сантиметр. Оюдың тереңдігі 1,5-2 миллиметр шамасында. Жазбалары араб және шағатай тілдерінде, сызықтарының арасы 18 сантиметр.
Сипаттамасы
Жазбада Алтын Орда билеушісі болған Тоқтамысқа қарсы 1391 жылғы жорық туралы, оған қарсы шыққан түркі-моңғол жаулаушысы Темір 300 000 әскерімен шыққаны және Бетпақдала арқылы өткен жолы көрсетілген. XV ғасырдың бірінші ширегінде жазылған «Зафарнамада» (Жеңіс кітабы) оның авторы Шараф ад-Дин Али Йезди сол жорықтың бір тарихи оқиғасын келтіреді: Сол даланы шолу үшін Темір таудың басына көтерілді, бүкіл жазық жасыл болды. Ол сол күні сонда қалды да, бұйрық беріп сарбаздарға тастарды әкелтіп, биік белгі қойылды. Шебер тас кесушілер үстінен сол күннің күні мен жазуын қалдырған, сүйтіп тарихта өз заманының естелігін қалдырды.
Толық мәтін
Араб жазуы
Араб транслитерациясы: (Халықаралық Түркі академиясы бойынша)
Бисмилләһиррахманиррахим
Мәликул муликл құддусул хәккул муминул муһаминул заббарул
кадирул хакимул мумитул хайиу
Аудармасы:
Қайырымды, рахымды Аллаһтың атымен бастаймын
Баршылық Иесі, Ақиқаттың негізі, Қырағы Қорғаушы, Құдіретті және Қаһарлы
Өмір мен өлімнің дана берушісі
Шағат жазуы
Шағатай транслитерациясы:
Tariq yettı yuz yıl toqsan üçintä qoy yaznıŋ ara ay
Turannıŋ sultānı Timurbäg üç yuz miŋ çärig bilä
Islām üçün Toqtamışqan bulğar qanıqa yurıdı
Bu yergä yetip bälgü bolzun tep bu obanı qopardı
Täŋri nısbat bergäy inşalla
Täŋri ul kişikä rahmat qılğay bizni duā bıla yād qılğay
Аудармасы:
Жаз жеті жүз тоқсан үшінде, қой жылы көктемнің орта айы
Тұранның сұлтаны Темір-бек үш жүз мың жасақпен
Ислам үшін Тоқтамысхан Бұлғар ханына аттанды
Бұл жерге жетіп, белгі болсын деп бұл обаны тұрғызды
Тәңірі нәсібесін бергей иншалла!
Тәңір ел халқына рақымын берсін! (олар) бізді дұғамен еске алсын!
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
- Понамарев А. И. (1945). "ПОПРАВКИ К ЧТЕНИЮ "НАДПИСИ ТИМУРА" (Amendments to the Readings of Timor's inscriptions" (PDF). Советское востоковедение (Soviet Oriental Studies) (in Russian). 3. Москва: Академия наук СССР: 222–224.
- "Emir Temir'in Yazıtı (Karsakpay //Аltın Şokı anıtı), 1391. Karsakpay Anıtı. Petersburg, Devlet Ermitaj Sergisi Karsakpay Anıtı. N.N.Poppe". 2 October 2020.
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Темір жазуы туралы ақпарат, Темір жазуы дегеніміз не? Темір жазуы нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!