Жұрын ауданы
Жұрын ауданы — 1935-1963 жылдары болған Қазақ КСР Ақтөбе облысының әкімшілік бөлінісі (1936 жылға дейін — Қазақ АКСР). Орталығы — Жұрын ауылы.
Аудан | |
Жұрын ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел |
|
Кіреді | |
Енеді | 14 а/к, 1 ж/а |
Әкімшілік орталығы | Жұрын |
Тарихы мен географиясы | |
Құрылған уақыты | 1935—1963 |
Жер аумағы | 21,1 мың км² |
Тұрғындары | |
Тұрғыны | 27 065 адам (1959) |
Тарихы
Жұрын ауданы 1935 жылы 29 желтоқсанда Темір ауданының солтүстік-шығыс бөлігінен құрылды.
1951 жылғы мәліметтер бойынша ауданның құрамында 14 ауылдық кеңес (Бақтыөзен, Батпақкөл, Жұрын, Егіндібұлақ, Казак, Қарағанды, Қызылмадияр, Краснощекин, Құмжарған, Ново-Херсон, Сталин, Орқаш, Шилі, Еңбекші) және 1 жұмысшы кенті (Ембі) болды.
1963 жылы 2 қаңтарда Жұрын ауданы таратылды.
Тұрғындары
1939 жылғы халық санағы бойынша Жұрын ауданында 29 077 адам тұрды, оның ішінде қазақтар – 46,0%, орыстар – 26,2%, украиндар – 20,8%, татарлар – 2,2%, қырғыздар — 1,4% құрады. 1959 жылғы халық санағы бойынша ауданда 27 065 адам тұрды.
Дереккөздер
- Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі туралы анықтама (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) / Базанова Ф. Н. — Алматы: Қазақ КСР ІІМ мұрағат басқармасы, 1959. — Б. 222. — 282 б. — 1500 таралым.
- 1939 жылғы Бүкілодақтық халық санағы. КСРО одақтық республикаларының аудандары, қалалары және ірі ауылдары халқының ұлттық құрамы. Тексерілді, 8 қыркүйек 2020.
- 1959 жылғы Бүкілодақтық халық санағы. 1959 жылғы 15 қаңтардағы жағдай бойынша қалалар мен басқа да елді мекендердің, аудандардың, облыс орталықтарының және ірі ауылдық елді мекендердің одақтық республикалардың (РКФСР-дан басқа) аймақтары бойынша нақты халқының саны.. Тексерілді, 8 қыркүйек 2020.
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Жұрын ауданы туралы ақпарат, Жұрын ауданы дегеніміз не? Жұрын ауданы нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!