Балқаш ойысы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Балқаш ойысы - оңтүстігінде Жетісу (Жоңғар) Алатауы мен Шу-Іле тауларына, солтүстігінде Балқаш көліне тіреліп жатқан қырқалы-бұйратты мезо-кайнозойлық құрылым. Ойыстың табаны палеозойдың қатпарланған шөгінді, магмалық және интрузивтік комплекстерінен құралған, солтүстік- батыс бағыттағы терең жарылыстар ойысты бірнеше жерінен бөліп өтеді. Балқаш ойысының оңтүстік-батысындағы палеозой жыныстарының үгілуінен пайда болған шөгінділерді ортаңғы және жоғарғы триас дәуірлерінде өзен-көлдерден жиналған және кемір аралас, құмайт саздық шөгінділер (қалындығы 200 м) басқан. Бұларды бор-палеоген, неоген-антропоген жүйелерінің құрлықта жаралған құмды-балшықты, борпылдақ жыныстары (850 м) жапқан. Ойыста неогеннің балшықты жыныстары (250-300 м), антропогеннің құмы (300 м-ге жуық) кең тараған. Тау бөктерінде кесек жьныстар басым келеді. Солтүстік шеті жайпақ келген, табаны 1000 м-ге дейін төмендейтін орасан зор науа секілді ойыс Бақанас пен Батпақты өзенінің арасын алып жатыр. Балқаш ойысының жер қыртысы басқа өңірлерге қарағанда жұқа (қалындығы 38-40 км). Триас жыныстарында қоңыр көмір, жаңғыш тақта тас (Ақсүйек), боксит, ал одан жоғарғы қабаттарда тұщы су кездеседі.

Дереккөздер

 | ]
  1. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3


wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Балқаш ойысы туралы ақпарат, Балқаш ойысы дегеніміз не? Балқаш ойысы нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *