Бақытбек Смағұл
1960 жылы 6 ақпанда Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған.1975-1978 жж. – Қазалы қаласындағы 34-ші селолық кәсіптік-техникалық училищені қызыл дипломмен бітірген. 1979-1981 жж. Совет Армиясы қатарына шақырылған. Арнайы дайындықтан өткеннен кейін 1979 жылғы 27 желтоқсанда Ауған Халық Демократиялық Республикасында әскери қызметін атқаруға жіберілген.1981-1985 жж. Алматы құрлыс техникумын өнеркәсіптік-азаматтық құрлыс мамандығы бойынша бітіріп,2000-2004 жж. Орталық Азия университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.2004-2008 жж. – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша оқыған. 2005-2011 жж. – Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының “ҚАЗАҚСТАН АРДАГЕРЛЕРІ” қауымдастығы төрағасының орынбасары, самбодан әлемнің екі дүркін чемпионы Асқар Шайхиев атындағы Таэкван-до спорт клубының президенті және “Сауап” қоғамдық қорының президенті.2012 жылғы қаңтардан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік – мәдени даму комитетінің мүшесі. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. Қазалы ауданының “Құрметті азаматы”. II дәрежелі «Айбын», “Құрмет”, “За заслуги”, “Долг и честь” ордендерінің кавалері, Ресей Федерациясының, Ауғанстан Ислам Республикасының, Монғолия Республикасының медалдарымен және құрмет грамоталарымен марапатталған.Таэкван-додан V дан - қара белбеу иегері.“Ауғанның от жалыны”, “Мен көрген соғыс”, “Война, которую видел я”, “Қан кешкен күндер”, “Намыстың құлы – Алаштың ұлы”, “Қаhарман”, “Үш қырлы жебе” кітаптарының авторы. Б.Момышұлының “Қолбасшы күнделігі - Дневник командира” еңбегін басып шығарған.ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі. ҚР Президентінің тапсырмасыменен “Алғашқы әскери дайындық” пәні бойынша Мемлекеттік бағдарлама әзірлеген.
Дереккөзі
| ]"Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі"
- 1960 жылы туғандар
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Бақытбек Смағұл туралы ақпарат, Бақытбек Смағұл дегеніміз не? Бақытбек Смағұл нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!