Беркінғали Атшыбаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Беркінғали Мұқашұлы Атшыбаев - Батыс Алашорданың белгілі қайраткері, 1897 жылы бұрынғы Гурьев уезі Қазыбек болысының Миялы ауылында туған. Ол - қазақтың тұңғыш мұнай барлаушы геологі.

Арғы атасы Қазыбек белгілі би болған екен. Өз атасы Атшыбай 1869-1870 жылдары кіші жүз қазақтарының көтерілісінде қол бастаған батыр болған. Әкесі Мұқаш көзі ашық, саудамда шұғылданған дәулетті адам екен. Шеркеш руынан шыққан.

Өмірбаяны

 | ]

Беркенғали Атшыбаев 1897 жылы Орал облысының (қазіргі Атырау облысы) Гурьев уезі, Қазыбек болысының Миялы ауылында дүниеге келді. Тегі — шеркеш-жаугашты. Арғы атасы Қазыбек — би, атасы Атшыбай — 1869–1870 жж. «Ел ауа» деп аталатын көтеріліске қатысқан. Әкесі Мұқаш саудамен айналысқан, арабша сауатты, орыс тілін білген, үй кітапханасын жасақтап, балаларын оқытуға көңіл бөлген.

1905 жылы Есбол болысындағы Қаракөлдегі орыс-қазақ бір кластық мектепті, кейін Гурьевтегі екі кластық училищені тәмамдады. 1910–1917 жылдары Орал әскери реалдық училищесінде оқыды (пухта түлектер суретінде бейнесі бар).

Алаш Ордадағы қызметі

 | ]

1918 жылы көктемінде Жымпиты (Уил) уезінде ашылған юнкер мектебінің 6 айлық офицерлік курсын бітіріп, прапорщик шенін алды. Мектеп бітіріп, прапорщик шенін алған соң, Алашорданың батыс бөлігін басқару бөлімшесінің бас интенданты болып тағайындалады. Алаш әскерін азық-түлік, киім-кешек, оқ-дәрі, құралмен қамтамасыз етуде, Батыс Сібір және ағылшын елдерімен қарым-қатынас жасауда көп еңбек сіңірді. Әсіресе оның осы керекті заттарға қол жеткізу үшін Қызылқоға, Сағыз уездік земство арқылы Сібірдің оңтүстік батыс астықты аймақтарындағы кооперативтер мен жергілікті казақтардың Орал, ілбішін, Қаратөбе базарларында айырбас сауда жасауына жол ашқан тарихи еңбегінің мәні зор болды. Батыс Алашорда тізе бүккен соң, Түркістан майданы басшыларының кепілі ретінде ұсталып, Орынборға жөнелтілген бес адамның бірі.

Осыдан кейін Алаш Орданың Батыс бөлімшесі басқармасында бас интендант болып тағайындалып, әскерді азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмекпен қамту, Батыс Сібір үкіметімен байланыс орнату, Каратөбе, Лбищенск, Орал, Қызылқоға жәрмеңкелерінде айырбас саудасын ұйымдастыру істерін жүргізді.

Урал, Ойыл, Қаратөбе съездеріне, 1919 жылғы 10 желтоқсанда Қызылқоғада өткен Батыс Алашорда ақсақалдар кеңесіне қатысты; бір деректерде Ойылдағы Уақытша үкіметке Батыс Алаш атынан өкіл болды.

1918 жылғы 19 сәуірде «Известия» газетінде Д. Досмұхамедов қол қойған Алаш Орданың Кеңес өкіметін тану және Халық Комиссарлар Кеңесімен қатынас орнату туралы үндеуі жарияланды; жақында Қазақ өлкесінің автономиясы туралы декрет шығатыны жазылды.

1919 жылдың соңы – 1920 басында Батыс Алаш бөлімін тарату туралы шешім қабылданып, басшыларды ұстап, Орынбор арқылы Мәскеуге жіберу тапсырылды.

1920 жылы 5 наурыздағы Кирревком қаулысымен Жаһанша және Халел Досмұхамедовтер, Иса Қашқынбаев, Кәрім Жәленов және Беркенғали Атшыбаев Мәскеуге жеткізілді; олар Батыс Алаш бөлімінің құрылуы мен қызметі жайында большевик басшылығына баяндау жазды (барлығы бес қайраткер қол қойған). Бұл — Батыс Алаш жетекшілеріне қарсы алғашқы репрессивтік шаралардың бірі саналады.

Кеңестік кезеңдегі еңбек жолы

 | ]

1920 ж. мамырда Орынборға қайтарылып, Қазревкомның ішкі істер бөлімінде іс жүргізуші, кейін азаматтық бөлім меңгерушісі болды; ашыққан халыққа азық-түлік жеткізу жұмыстарына атсалысты.

1922–1926 жж. Мәскеуде «Сантонин» тресінде іс жүргізу бөлімін басқарды, «Казкрайсоюз» өкілдігінде экономикалық бақылаушы болды, РКФСР Жоғары сотында аудармашы қызметін атқарды.

1928 жылы Мәскеу тау-кен-байыту академиясының мұнай факультетінің геология бөліміне оқуға түсті, алайда

1930 жылы «алашордашыл элемент» деген айыппен оқудан шығарылды.

1930 жылдан Гурьевтегі «Эмбанефть» тресінде геолог болып жұмыс істеді: картировкалық партиялар бастығы, картировкалық-кремеустық сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды. Эмба мұнайлы ауданында бірқатар кен орындарын іздеу-барлау жұмыстарына тікелей қатысты: Мунайлы (1931), Алтыкөл (1931, П. Я-мен бірлесіп), Ескене (1932), Кандыбай (1933, геологиялық картасы), Жолдыбай (1934, құрылымын бұрғылау арқылы айқындау) және т.б.; Доссор, Сағыз, Кұлсары, Тюлюс кендерінде құрылымды нақтылау жүргізілді. 1935–1936 жж. Құлсары кен орнында еңбек етті (1934 ж. ашылған).

Музыкалық мұраға қатысы

 | ]

Атшыбаев қазақтың ән-күйін жақсы орындаған. Жұбайы Лидия Софенрейтердің естелігіне қарағанда, ол композитор-этнограф А. В. Затаевичпен дос болған. Затаевич өз жазбаларында Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Қаныш Сәтбаев және инженер-геолог Беркенғали Атшыбаевты атап, әрқайсысының 10–15-тен жаңа ән айтқанын жазады; «Қазақ халқының 100 әні» (Орынбор, 1926–1929) жинағына Мұхиттың Беркенғали орындаған әндері енген.

Қуғын-сүргін және ақталу

 | ]

1937 жылы 27 қазанда Гурьевте Х. Ақботин, Т. Иманғазиевпен қатар «Құрамысовтың алашордашыл контрреволюциялық ұйымына қатысы бар» деген айыппен тұтқындалды; РСФСР ҚК-нің 58-7, 58-9, 58-10, 58-11 баптары бойынша айыпталды. Жыл соңында Оралға этапталды; одан әрі деректер жоғалады. Құжаттамада «тергеу барысында қаза болды» деп көрсетіледі.

1956–1957 жылдары жұбайының өтініші бойынша қайта тексеру жүріп, 1937 жылғы НКВД істерінде іс-қағаздары табылмады; тек Гурьевтегі желтоқсан 1937 жылы этаптау туралы журнал жазбасы анықталды. 1987 жылғы 6 желтоқсанда қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылып, есімі ақталды.

Еске алу

 | ]

2012 ж. Батыс Қазақстан облысы, Жымпиты (қазіргі Сырым ауданының орталығы) кентінде ашылған Алаш музейі жанындағы Алаш қайраткерлері аллеясында Беркенғали Атшыбаевтың бюсті орнатылды.

Беркінғали 1905 жылы Гурьев уезі Есбол болысындағы бір сыныптық орыс-қазақ мектебін бітірген. Онан кейін Орал реалдық әскери мектебінде оқыған.

1920 жылы ақпанда Мәскеуге әкелінеді. Сол жылы мамырда Орынборға келіп, Қазревком ішкі істер бөлімінің іс жүргізушісі болып тагайындалады. Кейін сол мекеменің азаматтық бөлімінің меңгерушісі болып істеді. Ашаршылыққа ұшыраған елге азық-түлік жеткізуде көп еңбек сіңірді.

1922-1923 жылдары Мәскеудегі «Сантонин» тресінде іе жүргізу бөлімінің меңгерушісі болған.

1924-1926 жылдары «Казкрайсоюздың» Мәскеу өкілдігінде экономикалық тексеруші қызметін атқарған. Мұнан соң РКФСР Жоғарғы сотында аудармашы болып қызмет еткен.

1928 жылы Мәскеудің Тау-кен академиясы мұнай факультетінің геология бөліміне оқуға түседі.

1930 жылы «Алашордашыл жат элемент» деген айыппен оқудан шығарылады. Сол жылы Гурьев қаласына келіп, «Эмбанефты» тресіне қарасты барлау конторында геолог, картировка секциясының меңгерушісі болып істейді. Оның барлау жұмыстарының нәтижесінде Алтыкөл, Ескене мұнай көздері ашылды.

1937 жылы қазан айында «Эмбанефты» тресі бойынша Х.Ақботин, Т.Иманғазиевпен бірге «Құрамысовтың алашордашыл контрреволюңиялық ұйымына қатысты» деген айыппен тұтқынға алынады. Сол жылдың аяқ кезінде Орал қаласына айдалып, хабарсыз кетеді.

Дереккөздер

 | ]
  1. Геолог Беркінғали Атшыбаев кім? - Әбілқайыр Спан ...
  2. [1, 2]
  3. [2]
  4. [2]
  5. [2]
  6. [3, 10]
  7. [4, 5]
  8. [4]
  9. [7]
  10. [8]
  11. [9, 10, 11, 12]
  12. [13]
  13. [14]
  14. [3, 15]
  15. [15]
  16. [3]
  17. [16], [2]
  18. [6], [14]
  19. [14]
  20. [3]
  21. Дереккөз қатесі: Жарамсыз <ref> тегі; no text was provided for refs named rehab
  22. [3]
  23. «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7


wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Беркінғали Атшыбаев туралы ақпарат, Беркінғали Атшыбаев дегеніміз не? Беркінғали Атшыбаев нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *