Мұхтарбай Өтелбаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұхтарбай Өтелбаев
Туған күні

3 қазан 1942 (1942-10-03) (83 жас)

Туған жері

Жамбыл облысы, Қордай ауданы

Азаматтығы

image

Ғылыми аясы

Математика

Жұмыс орны

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Ғылыми дәрежесі

Физика-Математика ғылымдарының докторы, профессор

Альма-матер

Мәскеу мемлекеттік университеті

Несімен белгілі

Навье-Стокс теңдеуін шешті

Марапаттары


image Ерен еңбегі үшін (2012)

Мұхтарбай Өтелбаев (3 қазан 1942 жыл, Жамбыл облысы, Қордай ауданы Қаракемер) – физика-математика ғылымының докторы (1978), профессор (1982), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003).

Өмірбаяны

 | ]

Дулат тайпасының Жаныс руынан.

  • 1969 Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
  • 1973–2000 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика ғылым-зертттеу институтында, ҚазҰУ-да, Жамбыл педагогикалық институтында, Қарағандыдағы Қолданбалы математика ғылымының зерттеу институтында, ҚазҰПУ-да ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, басшылық қызметтер атқарды.
  • 1993–1995 жылдары ҚР Министрлігі Кабинет жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің аэрогидродинамика бөлімінің бастығы болды.
  • 2000 жылдан Еуразия ұлттық университететінде ғылыми-зертеу ортасының жетекшісі, Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы бөлімшесі директорының орынбасары қызметін атқарады.

Ғылыми еңбектері

 | ]

Негізгі ғылыми еңбектері функционалдық анализ және оның қолданыстарына, дифференциалдық операторлардың спектрлік теориясына, функционалдық кеңістік теориясына, есептеу математикасына, шекаралық есептердің жалпы теориясына арналған. 160-тан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы. 5 патенттің иегері.

Шығармалары

 | ]
  • Весовые функциональные пространства и спектр дифференциальных операторов (соавтор), М., 1988;
  • Оценки спектра оператора Штурма-Лиувилля, А.-А., 1990.
  • Ақпарат қорғау мен криптография негіздері Астана 2003 ж.

Дереккөздер

 | ]
  1. Баспа бас директоры:Әшірбек Көпіш Бәйдібек баба - Алып бәйтерек ұрпақтарының шежіресі. Жаныс — Алматы: Издательство Өнер, 2004. — 992 б. — ISBN 9965-595-78-Х.
  2. Қазақ энциклопедиясы, 7 том

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Мұхтарбай Өтелбаев туралы ақпарат, Мұхтарбай Өтелбаев дегеніміз не? Мұхтарбай Өтелбаев нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *