Қалжан Қоңыратбайұлы

Қалжан Қоңыратбайұлы Қоңыратбаев - (18.4.1877, бұрынғы Сырдария губерниясы Ақмешіт уезі Шиелі болысы, Керделі ауылы – 23.7.1940, Хабаровск өлкесі, Советская Гавань, Амурлаг) – қоғам қайраткері, ағартушы, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы.
Қарнақ медресесін, түземдік орыс мектебін бітірген. 1914 – 15 жылдары Керделіде мектеп ашып, “Ғалия”, “Хұсние” медреселерінің түлектерін ұстаздыққа шақырып, ауыл балаларын оқытқан. 20-жылдары Ә.Диваевпен бірге Сырдария, Жетісу өлкелеріне фольклорлық экспедиция ұйымдастырды.
1924 жылы Сырдария губерниясының атынан ТүркЦИК, 1925 жылы Кеңестердің 5-съезінде КазЦИК мүшесі болып сайланған. 1924 – 26 жылы Ақмешіт уезі 3-бөлімшесінің халық соты, "Бірлік туы", “Қазақ”, “Айқап”, "Қазақстан басылымдарының Сырдария губерниясындағы арнаулы тілшісі болды. Осы басылымдарда өлке тарихы, оқу-ағарту мәселелері жайында мақалалар жариялады. 1917 жылы 5 қаңтарда Түркістанда өткен Алашорда съезінде Ресейден бөлінуді қолдап сөз сөйледі.
“Пайғамбар заманы” хикаясын бастырып шығарды, "Қазақ" газетінде атақты Иманжүсіп туралы алғаш очерк жариялады. 30-жылдары “Қой туралы”, “Түйе тұқымын асылдандыру туралы”, т.б. еңбектері жарық көрді.
1937 жылы 30 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан НКВД-сы “алашордашыл” ретінде ұстап, аты-шулы 58-баптың бірнеше тармақтары бойынша 10 жылға кесілген. 1940 жылы Советская Гавань қаласының маңындағы №22 Амурлагте қайтыс болған. 1993 жылы толық ақталған.
Шығармалары
- Пайғамбар заманы, оқулық. Орынбор, 1915;
- «Қазақ» туралы. Өлең. Айтыс. Өлең. Қой туралы. А., 1932;
- Түйе тұқымын асылдандыру туралы. А., 1934.
Дереккөздер
- Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
- Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
- 18 сәуірде туғандар
- 1877 жылы туғандар
- Шиелі ауданында туғандар
- 23 шілдеде қайтыс болғандар
- 1940 жылы қайтыс болғандар
- Хабаровск өлкесінде қайтыс болғандар
- Қазақстан ақындары
- Қазақ әдебиетін зерттеушілер
- Қазақстан судьялары
- Қазақстан қоғам қайраткерлері
- Алаш Орда қайраткерлері
- КСРО-да репрессияланғандар
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қалжан Қоңыратбайұлы туралы ақпарат, Қалжан Қоңыратбайұлы дегеніміз не? Қалжан Қоңыратбайұлы нені білдіреді?


Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!