Энергетикалық жүйе

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
image
Энергетикалық Жүйелер

Энергетикалық жүйе, энергожүйе — өзара және энергия тұтынушылармен электр энергиясын жеткізу желісі арқылы жалғасқан электр ст-ларының жиынтығы (торабы). Энергиялық жүйенің құрамына: жылу электр стансасы, атом электр стансасы, су электр стансасы, электр энергиясын жеткізу желісі; қосалқы электр ст-лары, жылу және электр желісі, жылу және электр энергиясының қабылдағыштары енеді. Тұтынушыларды электр энергиясымен Энергиялық жүйе арқылы қамтамасыз етудің жеке электр ст. арқылы қамтамасыз етуге қарағанда төмендегідей артықшылықтар бар: энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігі артады; жергілікті энергет. қор (отын және су энергиясы) тиімді пайдаланылады; электр ст-ларының жүктемесін өзара тиімді етіп бөлу нәтижесінде электр энергиясының өзіндік құны кемиді, қуатты қондырғыларды пайдалану мүмкіндігі жасалады, резервтік қуат азаяды. Энергиялық жүйе әдетте бір орт-тан басқарылады. Бір жалпы оперативтік диспетчерлік пункттен басқарылатын бірнеше Энергиялық жүйе біріккен энергетикалық жүйе құрайды.

Дереккөздер

 | ]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Энергетикалық жүйе туралы ақпарат, Энергетикалық жүйе дегеніміз не? Энергетикалық жүйе нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *