Барий гидрототығы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Барий гидрототығы - күрделі бейорганикалық қосылыс, күшті сілті. Химиялық формуласы - Ba(OH)2.

Физикалық қасиеттері

 | ]

Түссіз кристалдық зат, 78°С температурасында өзінің кристаллогидраттық суында балқиды. Оның судағы ерітіндісі - күшті сілті. Барий гидрототығы жоғары температурада сусызданады. Сусызданған Барий гидрототығы - ромбалық кристалдардан тұратын ақ масса, оның тығыздығы 2,18 г/см³, балқу температурасы - 780°С, бұдан жоғары температурада Барий тотығына (ВаО) айналады. Барий гидрототығын барий тотығын сөндіру арқылы немесе BaCl2 мен NаОН ерітінділерін қайнағанша қыздырып алуға болады .

Алуы

 | ]

1. Барий металының сумен әрекеттенудің нәтижесінде:

2. Барий тотығының сумен әрекеттенудің нәтижесінде:

3. Барий сульфидінің ыстық сумен әрекеттенудің нәтижесінде:

Химиялық қасиеттері

 | ]

1. Бейтараптану реакциясы (қышқылдармен әрекеттескенде - су мен тұздың түзелуі):

2. Қышқыл тотықтарымен әрекеттенудің нәтижесінде су мен тұздың түзелеуі:

Қолдануы

 | ]

SO42− және CO32− (сульфат- және карбонат-иондарын) айқындау үшін қолданылатын реактив. Өнеркәсіпте: SO42− (сульфат-иондардан) өндірілген затты тазалау үшін, сірнеден қантты айыру үшін қолданылады.

Тағы қараңыз

 | ]

Дереккөздер

 | ]
  1. Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Барий гидрототығы туралы ақпарат, Барий гидрототығы дегеніміз не? Барий гидрототығы нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *