Тасымалдаушы РНҚ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
image
тРНҚ полинуклеотидінің химиялық құрылымы

Жасушадағы барлық РНҚ-ның 10% шамасындай транспорттық РНҚ (тРНҚ). Транспорттық РНҚ молекуласы құрамына 70-84 нуклеотид кіреді, оның М үлкен емес, 25000-30000. тРНҚ құрамынан 30 шамасына дейін қалыптан тыс, минорлық затты қалдықтар деп аталатын қосылыс табылған. тРНҚ қызметі активтелген амин қышқылдарын ақуыз синтезделетін орынға жеткізу болып табылады. Жасушада 50 шамасындай тРНҚ бар, ал амин қышқылының саны 20 ғана екені белгілі. Демек, бір амин қышқылын екі жəне одан көп тРНҚ тасымалдайды екен. Сол сияқты əр амин қышқылын өзінің арнаулы тРНҚ-сы тасымалдайды.

Барлық тРНҚ-ның жалпы жоспар бойынша құрылғаны, олардың кеңістіктік қүрылымы бірдей екендігі, пішінінің беде жапырағына ұқсайтыны анқыталған. Барлық тРНҚ конформациясы ұқсас болғанымен, нуклеотидтердің орналасу реті əр түрлі.

Бірінші болып Р.Холли аланин-тРНҚ молекуласының нуклеотидтік тізбегінде негіздердің өзара орналасу реттігін толық анықтады. Бұл үлкен ғылыми табыс басқада тРНҚ-лардың құрамын, құрылымын ашуға жол берді.

РНҚ молекуласының екіншілік құрылымы дегеніміз - молекуладағы жұп негіздер атомдарының кеңістікте орналасу реттілігі.

Дереккөздер

 | ]
  1. Биохимия. Медицина университеті баспасы. Алматы

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Тасымалдаушы РНҚ туралы ақпарат, Тасымалдаушы РНҚ дегеніміз не? Тасымалдаушы РНҚ нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *