Қызыл топырақтар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қызыл топырақ— топырақ түрі; ылғалды субтропиктік климат жағдайында жалпақ жапырақты орман жамылғысы астында, кейде тропиктік саванналарда түзіледі. Қызыл топырақтарға тән ерекшеліктер — құрамында темір және алюминий оксидтері жоғары, ал кремний диоксиді (кремнезем) мен негіздер төмен дәрежеде кездеседі, қарашірінді мөлшері аз (6 — 9%-дай). Темір оксидінің көп болуы Қызыл топырақтарға ашық қызыл және қызғылт сары түс береді. Кәдімгі Қызыл топырақтар 8 — 10Ә-тан 20 — 25Ә-қа дейінгі еңіс беткейлерде қалыптасады, тік беткейлерде Қызыл топырақтар аз. Қызыл топырақтардың реакциясы қышқылды және әлсіз қышқылды (сутектік көрсеткіші рН-тың мәні 5,0 — 5,7) болады. Механикалық құрамы ауыр балшықты немесе саз балшықты келеді. ТМД елдерінің ішінде тек Қара теңіздің шығыс жағалауында, Каспий теңізінің оңтүстік-батыс жағалауында, Африка, Қытай, Жапония, Вьетнам, АҚШ, Бразилия, Австралия, т.б. елдерде кездеседі. Қызыл топырақтарда екпе шай, темекі, цитрус дақылдары, жүзімдіктер мол өнім береді.

Дереккөздер

 | ]

Қазақстан энциклопедиясы


wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қызыл топырақтар туралы ақпарат, Қызыл топырақтар дегеніміз не? Қызыл топырақтар нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *