Новосібір облысы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
image

Жаңасібір облысы (орыс. Новосиби́рская о́бласть) — Ресей Федерациясындағы әкімшілік субъект. Сібір федералды округінің құрамына кіреді. Әкімшілік орталығы — Жаңасібір қаласы.

Облыс 1937 жылдың 28 қаңтарында Батыс сібір өлкесінің Жаңасібір облысы және Алтай өлкесіне бөлінуі кезінде құрылған. Кейін 1943 жылы облыс құрамынан Кемерово облысы, ал 1944 жылы Томск облысы бөлініп шықты.

Географиясы

 | ]

Жаңасібір облысы Батыс Сібір жазығының оңтүстік-шығысында орналасқан. Облыс территориясының ауданы 178,2 мың км². Облыс батыстан шығысқа қарай — 642 км-ге, ал солтүстіктен оңтүстікке — 444 км-ге созылуда. Солтүстігінде — Томск облысымен, оңтүстік-батысында — Қазақстанның Павлодар облысымен, батысында — Омбы облысымен, оңтүстігінде — Алтай өлкесімен, шығысында — Кемерово облысымен шектеседі.

Халқы

 | ]

2012 жылдың 1 қыркүйегінде Ресей мемлекеттік статистикасының Федералды қызметінің мәліметі бойынша Жаңасібір облысында 2 694 310 адам тұрады.

2002 жылғы бүкілресейлік халық санағының мәліметтері бойынша Жаңасібір облысындағы халық саны 2 692 251 адамды құрады, халқының саны бойынша облыс СФО-нде 3-орын, жалпы Ресей бойынша 16-орын алады. Халық тығыздығы — 1 км²-ге 14,9 адам (2005) Халық тығыздығы бойынша Сібір федералды округінде 3-орынға ие.

Қала халқының үлесі — 77,1 % (СФО-нде — 70,5 %; РФ-та — 73 %), ауыл халқы — 22,9 % (СФО-нде — 29,5 %; РФ-та — 27,0 %). Урбандалу көрсеткіші бойынша Сібір федералды округінде 4-орында.

Халқының ұлттық құрамы

 | ]

2002 жылғы бүкілресейлік халық санағының мәліметтері бойынша (адам):

  • Орыстар — 2 504 147
  • Немістер — 47 275
  • Украиндар — 33 793
  • Татарлар — 27 874
  • Қазақтар — 11 691
  • Белорустар — 8380
  • Армяндар — 7850
  • Әзербайжандар — 7366
  • Чуваштар — 4147
  • Еврейлер — 3322
  • Цыгандар — 2835
  • Тәжіктер — 2784
  • Мордвалар — 2608
  • Корейлер — 2154
  • Өзбектер — 2047
  • Езидтер — 1987
  • Марилер — 1661
  • Қытайлар — 1423
  • Грузиндер — 1417
  • Эстондар — 1399
  • Поляктар — 1288
  • Молдовандар — 1144
  • Башқұрттар — 1104

2010 жылғы бүкілресейлік халық санағының мәліметтері бойынша (адам):

  • Орыстар — 2 365 845
  • Немістер — 30 924
  • Украиндар — 22 098
  • Татарлар — 24 158
  • Өзбектер — 12 655
  • Қазақтар — 10 705
  • Тәжіктер — 10 054
  • Армяндар — 9508
  • Әзербайжандар — 8008
  • Қырғыздар — 6506
  • Белорустар — 5382

Әкімшілік-аумақтық бөлінуі

 | ]

Жаңасібір облысының құрамына 15 қала (соның ішінде 8 облыстық бағыныстағы қала), 30 әкімшілік аудан, 17 қала үлгісіндегі поселке, 428 ауылдық әкімшілік кіреді.

Дереккөздер

 | ]
  1. Администрация Новосибирской области, «Область» (қолжетпейтін сілтеме)
image
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Жаңасібір облысы

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Новосібір облысы туралы ақпарат, Новосібір облысы дегеніміз не? Новосібір облысы нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *