Кененбай Қожабеков
| Кененбай Молданұлы Қожабеков | |
| |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Туған күні | 3 ақпан 1928 |
| Туған жері | Ақсеңгірде, Жамбыл ауданы, Алматы облысы, Қазақ КСР |
| Қайтыс болған күні | 3 қараша 1988 (60 жас) |
| Қайтыс болған жері | Алматы, Қазақ КСР |
| Азаматтығы |
|
| Мамандығы | актер |
| Белсенді жылдары | 1949-1988 |
Кененбай Молданұлы Қожабеков (3 ақпан 1928, Алматы облысы Жамбыл ауданы Ақсеңгір ауылы — 3 қараша 1988, Алматы) — актер, Қазақ КСР-інің халық артисті (1972).
Өмірбаяны
| ]Алматы театр училищесін бітірген (1950).
1950—1961 жылы Республикалық балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет етті.
1958 жылдан бері "Қазақфильм" киностудиясының актері.
1960 жылдың 10 қаңтарында Балалар мен жасөспірімдер театрынан шығып келе жатқан кезінде Ыдырыс Ноғайбаев, Нұрмұхан Жантөрин үшеуіне көше басбұзарлары шабуыл жасап, жұлынына әлденеше жерден пышақ салып, омыртқасын зақымдайды. Осы бір қарғыс атқан күнді актердің өзі «құлап түскен күнім» деген екен
Театрлық және кинематографиялық рөлдері
| ]Қожабеков Республикалық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында мына рөлдерде басты кейіпкер болып ойнаған: Алдар, Ғани (Ш. Хұсайынов, «Алдар Көсе», «Біздің Ғани»), Доброходов (М. Ақынжанов, «Ыбырай Алтынсарин»), Шагабутдинов (Д. А. Фурманов, «Бүліншілік»), т.б.
Кинодағы алғашқы жұмысы — «Аласталған Алитет» фильміндегі (1950) Айенің рөлі. Ол сонымен қатар «Жамбыл» (1952, Нәдір), «Қыз-жігіт» (1955, Айдар), «Бұл Шұғылада болған еді» (1955, Бақытжан), «Мазасыз көктем» (1956, Атабаев), «Менің атым Қожа» (1963, Әмірқұл), «Қыз Жібек» (1970, Сырлыбай), «Қан мен тер» (1978, Алдаберген), «Жаушы» (1980, Манай), «Қасқырдың апаны» (1984, Бабахан), т.б. фильмдерде ойнап, кейіпкерлерінің жан дүниесін ашуда психологиялық тереңдікке, образдылыққа жетті, типтік жинақтау үлгісін көрсетті.
Фильмографиясы
| ]- 1949 - Аласталған Алитет - Айе
- 1952 - Жамбыл - Нәдір
- 1955 - Қыз-жігіт - Айдар
- 1955 - Бұл Шұғылада болған еді - Бақытжан
- 1956 - Мазасыз көктемде - Хаваш Атабаев
- 1957 - Арал балықшылары - Ерназар Қалымбетов
- 1958 - Біз Жетісуданбыз - Нартай
- 1959 - Бір түні - Кемел Кәрімбаев
- 1961 - Егер біздің әрқайсымыз... - Имаш
- 1963 - Менің атым Қожа - Рахманов
- 1966 - Қилы кезеңде - эпизод
- 1969-1970 - Қыз Жібек - Сырлыбай хан
- 1971 - Менің ағам - эпизод
- 1972 - Арман асуы - Тайырдың әкесі
- 1972 - Құлагер - Батыраш
- 1974 - Эй, ковбойлар - эпизод
- 1975 - Махаббат туралы аңыз - эпизод
- 1975 - Гауһартас - Қауен
- 1976 - Медеудегі кездесулер - спорт администраторы
- 1977 - Кездеспей кеткен бір бейне - эпизод
- 1978 - Қан мен тер - Алдаберген
- 1979 - Даладағы қуғын - эпизод
- 1979 - Қала қалқаны - эпизод
- 1980 - Суыт жортқан жаушылар - Манай
- 1980 - Ебелек - эпизод
- 1981 - Ақырғы аманат - Досмұхамбетбай
- 1982 - Қауын - Ақтұмар станциясының басшысы
- 1983 - Қасқырдың апаны - Мұса Шәріпов
- 1985 - Біздікілерді біліп қой - эпизод
- 1986 - Түрксіб - Қарасұңқар
- 1989 - Сұлтан Бейбарыс - Салех сұлтан
Марапаттары
| ]«Халықтар достығы» орденімен, медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
| ]- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- Кененбай Қожабеков туралы
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
| Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- Pages with image sizes containing extra px
- 3 ақпанда туғандар
- 1928 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Жамбыл ауданында (Алматы облысы) туғандар
- 3 қарашада қайтыс болғандар
- 1988 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша актерлер
- КСРО актерлері
- Қазақстан актерлері
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Кененбай Қожабеков туралы ақпарат, Кененбай Қожабеков дегеніміз не? Кененбай Қожабеков нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!