Тахиятул-мәсжид намазы
«Тахиятул-мәсжид» намазы, мешітке сәлем беру намазы. Яғни, мешіттің Раббысына сәлем беру, оған тағзым ету мақсатымен екі рәкат намаз оқу - мәндүп нәпіл намаз. Бір күнде мешітке бірнеше мәрте кірген адамға осы намазды бір рет оқыса, жеткілікті. Бұл намазды мешітке кірген сәтте оқыған абзал. Отырып, аздан кейін оқыса да болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім мешітке кіргенде екі рәкат намаз оқымай отырмасын». Жұма күні имам хұтба айтып жатқан кезде кірген адам бұл намазды оқымастан отыру керек. Мешітке парыз яки нәпіл намаз оқу үшін кіріп, отырмастан сол ниет еткен намазын оқу да - «тахиятул-мәсжид» намазының орнына жүреді.
Дереккөздер
| ]- Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
| Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
- Намаз
- Дін
- Ислам
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Тахиятул-мәсжид намазы туралы ақпарат, Тахиятул-мәсжид намазы дегеніміз не? Тахиятул-мәсжид намазы нені білдіреді?


Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!