Абай спектаклі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

«Абай» - спектакль. М. О. Әуезов пен Л. С. Соболевтің бірігіп жазған «Абай» трагедиясын 1940 ж. А. Тоқпанов тұңғыш рет театр сахнасына шығарды. Спектакль қазақ театр өнерінің өркендеуіне үлкен үлес болып қосылды. Режиссер Абай рухының ұлылығын, ақын талантының сан қырынан ашып көрсетуді мақсат еткен. Спектакльде Абай бейнесі ақын, композитор ғана емес, ойшыл, философ ретінде де көрінген. Сондықтан да режиссер өз қойылымында Керім бейнесін Абайдың идеялық басты қарсыласы ретінде түсіндіріп, оқиға қақтығыстары мен философиялық ой қақтығыстарын шебер ұштастырып отырады. Спектакльдегі Абай бейнесін Қ. Қуанышбаев сомдады. Ақын образын сомдауда актер де режиссермен бірге тарихи ақиқат пен романтизмді ұштастыруға күш салды. Осы спектакль арқылы Қуанышбаев өнерінің бағыт-бағдары қалыптасып, өзі сомдаған тұлғаның дүниетанымын ашудағы шеберлігі көрінді.

Дереккөздер

 | ]
  1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9


wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Абай спектаклі туралы ақпарат, Абай спектаклі дегеніміз не? Абай спектаклі нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *