Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұқан қаған (Муюй Кигин) – Түрік қағандығының қағаны (553 – 572ж.ж). Түрік қағанатының негізін қалаушы Бумын қағанның кіші баласы. Бумын қаған өлгеннен кейін таққа ағасы Қара Еске отырды. Қара Ескенің мұрагері ретінде Қытай деректерінде оның інісі Иркин (Ицзинь) аталады. Ол қағандық тағына Мұқан хан деген атпен отырып, Йанту деген қосымша лақап есімге ие болған. Мұқан хан тұсында Солтүстік Қытай мемлекеттері – Чжоу, Ци және Енисей қырғыздары мен қидандар Түрік қағандығына тәуелді болып, салық төлеп тұрды. Түрік қағандығы Ұлы Жібек жолына дербес бақылау жасау мақсатымен Иранға қарсы Византиямен одақтасып, қағандықтың батыс шекарасын Әмудария өзенінің бойына дейін кеңейтті. Мұқан хан кезінде Түрік қағандығы барынша дамыды.
Дереккөздер
| ] - Қазақ энциклопедиясы
- Гумилев Л.Н., Древние тюрки, М., 1967
- Қазақстан тарихы, 1-т., А., 1996
- Қазақстан энциклопедиясы, VI-том
Тағы қараңыз
| ]
Санаттар:
- 572 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Тарих
- Ашина әулеті
- Түркі қағанатының билеушілері
Жасырын санат:
- Үлгі шақыруында көшірме аргумент қолданатын беттер
- Уикилендіруі қажет мақалалар
- Еш медиа файлы жоқ мақалалар
- Аяқталмаған мақалалар
- Үлгісін дәлдеу қажет аяқталмаған мақалалар
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Мұқан қаған туралы ақпарат, Мұқан қаған дегеніміз не? Мұқан қаған нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!