Қазақ радиолары
«Қазақ радиолары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — Қазақ радиосы, «Шалқар» радиосы, «Астана» радиосы және «Classic» радиосын біріктіретін «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының құрамдас бөлігі.
«Қазақ радиолары» ЖШС | |
Түрі | жауапкершілігі шектеулі серіктестік |
---|---|
Құрылды | 14 желтоқсан 2016 |
Бұрынғы атауы | «Республикалық радио» ЖШС |
Орналасуы |
|
Басты адамдары | Нұртас Солтанұлы (Бас директор) |
Басшы компания | «Қазақстан» РТРК» АҚ |
Сайты | qazradio.fm |
Тарихы
2016 жылы 14 желтоқсанда Қазақстан» РТРК» АҚ-нан өз алдына «Республикалық радио» ЖШС болып бөлек шығып, серіктестік директоры ретінде Досымбек Қонысбекұлы Өтеғалиев тағайындалды. 2017 жылы 30 қазанда «Республикалық радио» ЖШС атауы «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС болып өзгертілді. Өзгертуде төмендегідей негіздемелер басшылыққа алынды:
- Атау бір ғасырға жуық тарихы бар Қазақ радиосына негізделді.
- 1921 жылдан бері халықтан өзінің лайықты бағасын алған Қазақ радиосының атауы бүгінде брендке айналды.
- Серіктестік құрамындағы «Шалқар», «Астана» және «Классик» радиосы осы Қазақ радиосынан тарады.
- Атау серіктестіктің «Қазақстан» РТРК» АҚ-мен бағытының, ұстанған саясатының бір екенін көрсетеді.
Қазір Серіктестіктегі радиолар негізінен тікелей эфирде хабар таратуға көшті. Бұл – тыңдаушымен тығыз байланыста болуға соны серпін берді. «TNS CA, 6+ Казахстан» компаниясының дерегіне сүйенсек, радио тыңдаушылар былтырғымен салыстырғанда 36%-ға, жарнама берушілер 6%-ға, тыңдаушыны айлық қамту көрсеткіші 12 %-ға, радио тыңдаудың минуттық орташа уақыты 22%-ға өскен. Мемлекеттік мекемелердің (министрліктер, әкімдіктер) ресми сайтында да радиоларды онлайн тыңдауға мүмкіндіктер жасалып жатыр. «Қазақ радиолары» ЖШС биыл эфирдегі әлеуметтік, қоғамдық-саяси, рухани-мәдени, сауықтық-көңілашар бағдарламалар үлесін арттырды.
Басшылар
- Досымбек Қонысбекұлы (2016-2017)
- Мәди Манатбек (2017-2018)
- Құрманбек Жұмағали (2018-2019)
- Нұржан Мұхамеджанова (2019)
- Ернұр Бурахан (2019-2023)
- Нұртас Солтанұлы (2023 жылдың қарашасынан)
Серіктестікке қарасты радиолар
«Қазақ радиолары» ЖШС өзіне қарасты радиолардың бағыт-бағдарын толық айқындады:
- Қазақ радиосы – әмбебап, әр түрлі бағытта хабар тарататын - Еліміздің Бас Радиосы;
- «Шалқар» радиосы – рухани-мәдени;
- «Classic» радиосы – Отандық және шет ел композиторларының классикалық шығармаларын насихаттаушы.
Дереккөздер
- http://qazradio.kz/(қолжетпейтін сілтеме)
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қазақ радиолары туралы ақпарат, Қазақ радиолары дегеніміз не? Қазақ радиолары нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!