Септік жалғау
Септік жалғаулары (орыс. Падежные окончания) арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де, есімдер өзді-өздері де жалғасып әр алуан қарым-қатынасқа түседі.
Мысалы:
- Еңбектен еңбек шығады, еңбек туады,
- Еңбекті еңбек ақтап, еңбек жуады.
- Еңбек етіп күшті туған ерлер
- Еңбекке ерте тұра бекін буады.
- Еңбекте еңбек еткен ерлерім бар,
- Еңбекке сіңірген көп түрлерің бар,
- Еңбегім өзгерген жоқ, өз орнында,
- Еңбекпен ерік алатын жерлерім бар (И. Б.).
Бұл мысалда 13 мәртебе ұшырасатын еңбек сөзі түрлі-түрлі қосымшалар қосылып, әр алуан формада қолданылып тұр. Егер жетінші жолдың басындағы еңбегім дегеннен басқаларының қосымшаларын алып тастасақ, сөйлемдегі сөздердің байланысы бұзылып не қиыспай қалады, не сөйлемдердің мағыналары өзгеріп кетеді.
Бұл қосымшалар сөйлемдегі сөздерді бірі-бірімен жалғастырып, септестіріп тұр. Осындай қосымшаларды септік жалғаулары дейміз. Сөздердің жалғауларды қабылдап өзгерту жүйесін сөздердің септелуі деп немесе септеу деп атайды.
Септік жал- ғауларының аты | Сұраулары | ||
---|---|---|---|
Жай септіктің сұраулары | Тәуелдік септік сұраулары | ||
1 | Атау | кім? не? | кімім? кімің? кіміңіз? кімі? нем? нең? неңіз? несі? |
2 | Ілік | кімнің? ненің? | кімімнің? кіміңнің? кіміңіздің? кімінің? немнің? неңнің? неңіздің? несінің? |
3 | Барыс | кімге? неге? қайда? | кіміме? кіміңе? кіміңізге? кіміне? неме? неңе? неңізге? несіне? |
4 | Табыс | кімді? нені? | кімімді? кіміңді? кіміңізді? кімін? немді? неңді? неңізді? несін? |
5 | Жатыс | кімде? неде? қайда? | кімімде? кіміңде? кіміңізде? кімінде? немде? неңде? неңізде? несінде? |
6 | Шығыс | кімнен? неден? | кімімнен? кіміңнен? кіміңізден? кімінен? немнен? неңнен? неңізден? несінен? |
7 | Көмектес | кіммен? немен? | кіміммен? кіміңмен? кіміңізбен? кімімен? неммен? неңмен? неңізбен? несімен? |
Тағы қараныз
- Септеулік шылаулар
- Септеу
- Септік
- Септік жалғауларының тізілісі
- Грамматика
- Морфология
- Қазақ тілі
Дереккөздер
- Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9
- Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Септік жалғау туралы ақпарат, Септік жалғау дегеніміз не? Септік жалғау нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!